Өлең, жыр, ақындар

PAINT графикалық редакторында суретті ашу, құру және сақтау

Жезқазған қаласы «Балалар мен Жасөспірімдер сарайы» КМҚК

қосымша білім педагогы Елубаева Райхан Рахметуллина

 

Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторында суретті ашу, құру және сақтау.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ақпараттық технологиялардың қарқынды даму заманындағы PAINT графикалық редакторының маңыздылығы туралы түсініктерді қалыптастырып,құжатқа сурет салуды үйрету.

дамытушылық: оқушыларды сурет салу шеберлігіне үйретіп,сол шеберлікке

ұмтылу бағытында логикалық және фантазиялық ойлау,іздену қабілетін дамыту.

тәрбиелік:  тиянақтылыққа,жауапкершілікке,әділдікке,тапқырлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Кіріспе сабақ,аралас сабақ,дамыта оқыту сабағы,өз бетімен жұмыс жасау сабағы,

Техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану сабағы.

Көрнекілігі:

Компьютер, PAINT программасы,электронды оқулықтар,карточкалар,ребустар,

тест құрылғылары.

Пәнаралық байланыс:

халық педагогикасы,ағылшын тілі,орыс тілі, бейнелеу өнері.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,оқушыларды түгендеу,назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үйтпасырмасын тексеру

Информатика курсы бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіру кезеңі.

«Тақпақ айтып көрейік»

Оңға,солға,жоғары, төмен

Жүгіріп жүрген....көрем                                (курсорды)

                 

Жауап бермей қалмайды,

Теледидар ақылдым.

Сұрақ қойып тезірек,

... жауап шақырдым                                    (дисплейден)

 

 Қиындықтың барлығын ,

Өзі шешіп береді.

Компьютердің миы осы,

Әрине ...                                                      (блок жүйесі)

 

- «PAINT графикалық  редакторының құралдары » тақырыбын қайталау;

- Өткен тақырыптар бойынша жасалынған карточкалармен жұмыс жасау:

1. Компьютердің құрылымдарын жәнеи түрлерін атаңыз.

2. Операциялық жүйе дегніміз не?

3. Файл жіне папкалар туралы не білесіз?

4. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.

 1 Байт=? Бит

 1Кбайт=? Байт

 1Мбайт =? Кбайт

 1Гбайт =? Мбайт

 1Тбайт  =?Гбайт

ІІІ. Техника кауіпсіздігі ережелін қайталап еске түсіру

ІV. Жаңа сабақты баяндау

PAINT графикалық редакторында төмендегідей командаларды орындауға болады:

1.     Отменить (болдырмау) командасы

Егер қандайда әрекет бізге ұнамай қалса ,соңғы үш ірекетті орындамауға болады,ол үшін Правка-Отменить командасын орындау керек. 2..Повторить(қайталау) командасы.

Егер бұрын орындаған әрекеттерді қайтару керек болса,ол кезде

 Правка-Повторить командасы орындалады.

Мұнда да тек соңғы үш әрекетті қайталауға мүмкіндік бар.

V.Суретті сақтау

PAINT программасында салынған суреттерді бірінші рет сақтаған кезде

Файл-Сохранить  как командасын орындау қажет. Өзгерістерді кіргізіп,қайта сақтаған кезде Файл-Сохранить  командасын орындау жеткілікті.

VІ. Мәтінді суреттерді салу

Салынған суретке жазу, қосу қажеттігі туындауы мүмкін. Суретке мәтін қосу үшін төмендегідей әрекеттерді орындау ыңғайлы:

1.                Надпись құралын таңдан\п аламыз.

2.                Тышқан арқылы мәтін жазылатын төртбұрыштық рамка саламыз.Сол кезде рамка ішінде курсор пайда болады.

3.                Клавиатураның көмегімен қажетті мәтінді енгіземіз.

4.                Егер әріптердің өлшемін өзгерткіміз келсе, ол кезде қаріптердің құралдар

тахтасын пайдаланамыз.

VІІІ.Суреттерді ашу

Сақталып тұрған суреттерді ашу үшін Файл-Открыть командасын орындау маңызды.Сол кезде экранда сұхбат терезесі ашылады,сонда керекті файлды

таңдап,екі рет шерту арқылы ашамыз.

PAINT программасының көмегімен салынған суретті сақтамай тұрып,жаңа құжатты

құру үшін Файл-Создать командасын орындаймыз.Сол уақытта экранда құжатты сақтау туралы өтініш шығады,сонда НЕТ(жоқ) жауабын таңдап,пернені басу керек.

 

ІX.Жаңа білімді қалыптастыру

- Жаңа тақырыпты меңгеруді жеңілдету үшін электронды оқулықпен жұмыс жасау

- Сергіту мезеті:

1. «Тапқыр болсаң тауып көр».Ребусты шешіңдер,сол кезде тақырыпқа байланысты сөз тіркесі шығады.

- Сұрақ –жауап кезеңі «Ойлан да , таңда»

1.Мына өлшем бірліктердің қайсысы информатика аясында қолданылады?

А) киловатт;   В) килобат;

С) килобар;    Д)Киловльт;

2. Көрсетілген ақпарапт өлшем бірліктерінің ішінен ең үлкенін көрсетіңдер.

А) Бит;            В) байт;

С)  килобайт; Д) киловольт;

3.  Компьютер тілінде адамды не деп атаймыз?

А) пользователь;    В) клинет;

С) пациент;             Д) заказчик;

- Глоссарий бойынша бүгінгі тақырыпқа байланысты терминдермен жұмыс жасау:

PAINT РЕДАКТОРЫ - бұл Windows жүйесінің стандартты программаларының

құрамына кіретін, қарапайым графикалық редактор.

ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР - графикалық  ақпаратты енгізу  және редактрлеуге арналған программа.

ҚҰЖАТ  (ДОКУМЕНТ) - Windows жүйесінің қайта өңдеу объектісі.

ТЕРЕЗЕ (ОКНО)Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым. Тұйық рамкаға алынған экранның тік төртбұрышты аймағы.

X. Сабақты бекіту

Бүгінгі өтілген тақырыпты бекіту мақсатында төмендегідей тапсырмаларды орындап,өткен тақырыптың қаншалықты деңгейде меңгерілгенін байқау;

«Біліміңді сынап көр»

PAINT  графикалық редакторы туралы  құрылған тест тапсырмаларына жауап беру керек.

1.  PAINT  дегеніміз –бұл...

А. Құжаттарды  құруға арналған Windows Office жүйесінің құрамына кіретін мәтіндік программа;

В. Суреттерді салуға арналған графикалық редактор.

С. Стандартные программасының ішіне кіретін,өте кішкентай мәтіндік редактор.

2.  PAINT   программасын жұмысқа қосу әдісін табу  керек.

А. Пуск-Все программы – Стандартные -  PAINT ;

В. Мой компьютер-пуск -  PAINT ;

С. Пуск-Все программы - Microsoft Office - PAINT ;

3. Суретті сақтау әдісін таңдаңыз.

А. Правка - сохранить как;

В. Файл - сохранить как;

С. Вид - сохранить как;

4. Сақталған суреттерді ашу жолын көрсетіңіз;

А. Файл - создать;

В. Правка  – открыть;
С.Файл-открыть;

Тесті бағалау

XІ.Қорытынды;

 Сабақты  бағалау

XІІ. Үйге тапсырма беру;

PAINT графикалық редакторының құралдарын қолданып сурет салып келу.

Салған суреттеріңде өздеріңнің көңіл-күйлеріңді көрсетіңдер (әр - түрлі түстерді пайдаланып).


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер