Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Таным. Тағылым. Талғам.

Мұғалімнің аты-жөні, тегі Айтбаева Мадина Жайлауқызы
Туған жылы, айы, күні 24.04.1981жыл
Бітірген оқу орны М. Әуезов атындағы ОҚМУ
Мамандығы Физика және информатика
Педагогикалық өтілі 10 жыл
Санаты І (бірінші санат)
 

«Таным. Тағылым. Талғам.» атты 9 сыныптар арасында өтілетін сайыс сабағының ж о с п а р ы
Сабақтың мақсаттары: 
а) білімділігі: оқушыларға қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, физика пәнінен алған білімін шыңдау, ұлы физиктердің тәжірибесін жасау, оны күнделікті өмірде пайдалану; 
ә) тәрбиелілігі: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше ізденуге, адалдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; 
б) дамытушылығы: сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында логикалық ой-өрісін кеңейтіп, іскерлік-дағдысын қалыптастырып дамыту. Сыныптан тыс іс-шара түрі: сынып аралық сайыс сабағы

Сабақтың әдіс тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, тәжірибе жасау, физикалық көрінісін бағалау және оқушыларды марапаттау.

Көрнекіліктері: ұлағатты сөздер, плакаттар, ребустар, үлестірмелі кеспе қағаздары, суреттер, ұшақ, кеме, ракета макеттері және динамометр, спидометр, метр, таразы, жүктер, стакандағы су. 
Сайыс барысы: 
І. Таныстыру, тобы, эмблемасы 2-мин/6 
ІІ. Таным уақыты (ребустардан физик ғалымдарды тауып, еңбектерін айту) 3-мин/9 
ІІІ. Тағылым (физикалық көріністер) 3-мин/9 
ІV. Талғам. «Ойлан, тап!» (физикалық сандық және сапалық есептер) 3-мин/9 
V. Тәжірибелік есептер 3-мин/9 
Қорытынды рефлекция 1-мин/3 

Қатысатындар 9 А,Ә,Б сыныптарының білімді де, белсенді оқушылары 
І. 
Жер бетінде адам өмір өткізер, 
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. 
Бар ізгілік тек білімнен алынар, 
Білімменен аспанға жол салынар. 
«Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі» болғандықтан, оқушылардың білімін шыңдау барысында өтілетін

«Таным. Тағылым. Талғам» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. 
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі, 
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені. 
Жақсы сөзге жан семірер қашанда, 
Жолданады сайыскерлер сәлемі! – демекші І-ші бөлім сайысқа қатысқан білімпаз оқушыларымыз өзінің топтарымен таныстырып, эмблемасын айтуына рұқсат етіңіздер. 
І топ 9 А сынып «Планета» тобы 
ІІ топ 9 Ә сынып «Күштер» тобы 
ІІІ топ 9 Б сынып «Инерция» тобы 
Ғылымның сырын ұғына. 
Шығыңдар білім шыңына. 
Планета, инерция, күштерім, 
Жеткізеді табиғаттың сырына, 
«Ұпай жинаудан қалыспа 
Содан кейін қыран болып қалықта» - дегендей, 
ІІ-ші «Таным уақыты» бөліміне келіп жеттік, қатысушылар әділ қазы алдынан әрбір топ 3 ребустан алып шешіп, оның еңбектерін айту. Уақыт 3 мин. 
1) Эйнштейн (ХХ ғасырдың ұлы физигі, ол алғаш салыстыр-малылық теорияның және кванттық физиканың негізін қалады) 
2) Рентген (неміс физигі, қысқа толқынды Рентген сәулесін ашты 
3) Лоренц (магнит өрісінің күшті, ондағы зарядтардың қозғалысын ашты.) 
4) Фарадей (ағылшын физигі, электр және магнит өрісінің негізін қалады) 
5) Декарт (математик, координаталар жүйесін құрды) 
6) Ампер (француз физигі, электродинамиканы және электр тогын тапты) 
7) Кулон (француз физигі, электростатикалық күштің негізін қалады) 
8) Попов (орыс физигі, алғаш радиобайланысты ойлап тапты) 
9) Маркони (итальян физигі, теледидарды, радиотелеграфты ашты.)

ІІІ-ші бөлім «Тағылым» Физикалық көріністер 
Айға, Марс, Шолпанға 
Астрономия жол ашты 
Сол сапардың бәрінде 
Физикамен санасты, - деп «Планета» тобының (Марстан келген қонақ) көрінісін бірге көрейік 

Пайдаланды көп ғалым 
Физиканың заңдарын 
Сол заңдармен таныды, 
Табиғаттың сырларын,- дей келе «Күштер» тобы (Кім күшті?) көрінісін тамашалаңыздар 
Осы сөзден табылған 
Қоршаған барлық дүние 
Табиғатты құрайды, 
Сарқылмас оның сырлары, деп «Инерция» тобының (Инерцияны айыптау) көрінісін бірге тамашалайық 

ІV бөлім. «Талғам.» Физикалық сандық және сапалық есептер 
Жігер күші болсын, 
Білімі зерделі болсын – деп сайыскерлеріміз сандық және тәжірибелік есептер шығарады. Дұрыс есепке – 10 ұпай
Сандық есептер

Сапалық есептер
1. Ауыр станокты тасымалдау үшін оны машина қорабына салған дұрыс па, әлде артқы тіркемеге ма?
2. Түсі де, көлемі де бірдей екі шардың массаларын ұстамай-ақ қалай салыстыруға болады?
3. Еркін түсіп келе жатқан ыдыстың түбіндегі тесіктен сұйық төгіле ме? 

V бөлім. Тәжірибелік есептер     
1. Динамометр құралына 100г кіртасты ілген кезде қанша Ньютонға тең болады? Дәлелдеп көрсет?
2. Бір оқушы дене шынықтыру сабағында 1000м-ді 5мин – та жүгірді, спидометр көрсеткіші нешені көрсетеді?
3. Сызғышты, таразыны пайдаланып, сабынның тығыздығын тап?

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ

Бөлім-дер

 

 

Топтың аты

 

Сыны-бы

 

І.

Таныс-тыру, тобы, эмбл.

 5 ұпай

ІІ. 

Та-ным уақ.

 

5 ұпай

ІІІ. Тағы-лым  физ. көрі-ніс

10 ұпай

ІV. Талғам«Ойлан, тап!»

 

10 ұпай

V.  Тәжір.  есеп

10ұпай

 

Жина-ған жалпы

ұпайы

 

Планета

 

 

9 А

 

 

 

 

 

 

 

Күштер

 

 

9 Ә

 

 

 

 

 

 

 

Инерция

 

 

9 Б

 

 

 

 

 

 

І орын – 50-60 ұпай
ІІ орын – 40-50 ұпай
ІІІ орын – 20-30 ұпай
Рефлекция  оқушылар нені меңгерді, нені түсінді, не қызықты болды, өз ойларын стикерге жазып плакатқа жабыстырады.
Сайыс сабағының қалай өткендігі жөніндегі нәтижелерін сол рефлекциядан қарап оқушылардың өзіндік ойларын білуге болады.
Орын алған топ оқушылары мектепішілік мадақтамамен марапатталады. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз