Өлең, жыр, ақындар

Going to Britain?

Раздан Бақытгүл

Ақмола облысы, Шортанды ауданы

Новокубанка орта мектебінің

Ағылшын тілі мұғалімі

 

Пәні: Ағылшын тілі

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:

Going to Britain?

Жалпы мақсаты

 

Going to Britain  туралы  мәлімет алады, және де Going to Kazakhstan туралы біледі екі елді сәйкестіреді, жаңа сөздермен танысады және оқушылар уақытты тиімді пайдалануға үйренеді. Ағылшын тіліндегі жаттығуларды өз бетінше талдай біледі.

Оқу  нәтижесі:

 

Мәтінмен қысқа уақытта танысады.Сөз байлығы дамиды, топпен жұмыс жасап үйренеді, өз ойын дәлелдей алады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

І Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу тренингі (5мин)

« Үш алақан » ойыны.Балаларды ортаға шығарып, шеңберге тұрғызамын. Топты түгелдеймін. Бұл ойынның шарты:

  1. Қызыл алақан- қолдарымен амандасу
  2. Көк алақан- арқамен амандасу
  3. Сары алақан- мұрынмен амандасу.

II Қызығушылықты ояту (7 мин)

  1. Миға шабуыл (Музыкалық әуенді қобдиша) стратегиясы.

Бұл жерде қобдишаның ішінде қағазға үйге берілген тапсырмадан сұрақтар жазылған  музыка ойнағанда бір-біріне қобдишаны береді, музыка тоқтағанда бір сұрақты алады сол сұраққа жауап береді, осылайша барлығына жалғасады.

 III Мағынаны тану

1топ:6мин

2топ:6мин

3топ:6мин Балаларға әр түрлі жануарлардың дауысын салу арқылы топқа бөлемін. Үш түрлі жануар таратылады. Әр бала өзіне ұнағанын таңдап алады. Таңдаған жануар бойынша топтарға бөлінеді. 3 шағын топ болады. Бұл топтарға Modator, Secretary,  Speaker,Timer деп әркімді тағайындаймыз.

Сабақ бастамас бұрын топ ережесін естеріне салып кетемін.

Топ ережесі:

1.Кезекпен сөйлеу

2.Тыңдай білу

3.Пікір алмасу

4.Қолдау көрсету

5.Ортақ шешімге келу

6.Уақыт үнемдеу

7.Белсенділік таныту.

Азия және Европа құрлығында орналасқан мемлекеттердің  аты, астанасы және ұлты туралы слайд көрсетіледі.Оқушылар оқып танысады.Топқа тапсырма беріледі.Таблицаны толтырады,барлығы бірігіп жұмыс жасайды.

Екінші тапсырма беріледі деңгейлік тапсырма. Бұнда сөйлемдерді оқып ішінен True and False –ты табады. Балаларға сұрақ қоямын, қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?

“Going to Britain ” деп осылайша тақырыбымыз ашылады.

Вританиаға  және Қазақстанға байланысты слайдтар көрсетіледі.

IV. АКТ-ны пайдалана отырып сергіту сәтін өткіземін. (1мин)  

 What do you know about Great Britain and Kazakhstan? I have some questions to groups. Answer the questions, please.

 V.The 1st group:

  1. Who is the head of Kazakhstan?
  2. What is the capital of Kazakhstan?
  3. How many regions in are there in Kazakhstan?
  4. What  countries are border Kazakhstan?

      5.  What is the population of Kazakhstan do you know?

 The 2nd group:

  1. Who is the head of Great Britain?
  2. What is the capital of Great Britain?
  3. What is Big Ben?
  4. How many parts does the UK consist of ?

     5.   What is the population of Great Britain do you know?

    The 3rd group:

1. Where do you live?

  1. What is your nationality?
  2. What is your native language?
  3. What is languages can you speak?
  4. What languages can you understand?

Флипчартқа оқыған бөлімдерінің мазмұны бойынша сұрақтар берілді әр топқа әр түрлі сол сұрақтарды өздері қалай түсіндіріп береді жазбалай ма әлде сызбалай ма оқушылардың ойлануы, бірігіп ұжым мен жұмыстауы бір-бірін тыңдауы, келісуі, белсенділіктері, уақыт үнемдеулері осының барлығын балалар  қамтиды.

VI.Жоба қорғау. (2мин) Орындаған жобаларын қорғайды. Қалған топтар бір-бірін тыңдап, стикерге критерийлер арқылы бағалап отырады. Стикердегі критерийлер:

Мазмұны, Қорғауы, Безендірілуі.

VII.  Ой толғаныс   Өзіндік жұмыс(8мин)  Venn's diagram.

What is in common and different between 2 countries. Then compare traditions of having meals.

 

  Топпен талқылау  Ортаға салу.

Ресурстар:интербелсенді тақта, флипчарт,түрлі-түcті маркер, стикерлер,көрнекіліктер,дидактикалық материалдар,оқулық,уақыт,дәптер, кері байланыс картасы

Үй тапсырма беру:

(1 мин)

Сабақты бағалау:

(3 мин)

 

 

Өз ойларыңнан Қазақстан мен Ұлы Вританияның айырмашылықтарын жазып келсеңдер.

Топтар критерий арқылы бағалайды, топтық бағалау, қолпаштау арқылы,мадақтау, кері байланыс жасау.

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер