Өлең, жыр, ақындар

Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы

Пәні: Музыка Сыныбы:5а,ә,б,в,г,д Сабақ: 11 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай аспабы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Башқұрт халқының аспаптарымен таныстыру

Дамытушылығы: Оқушылардың есту қабілетін жан – жақты әуендік, ырғақтық, үйлесімдік бағытта дамыту.

Тәрбиелегі: Өнерді, Отанды сүюге тәрбиелеу. Оқушылардың музыка сабағына деген ынтасын арттыру. Музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажеттіліктеріне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: Ауызша баяндау, тыңдау, үйрену

Сабақтың оқыту формасы: Ұжымдық оқыту

Сабақтың көрнекті құралдары: қурай аспабының суреті

Сабақтың пәнаралық байланысы: Әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезіңі

1. Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

Башқұрттар [өзд. атауы - башқорт, яғни бас құрт (түркіше - бас бөрі)] — Башқұртстан Республикасының байырғы халқы, түркі халықтарының бірі. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь облысы, Свердлов облысы, Саратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. Жалпы саны 1 млн. 500 мың адам (1995), Башқұртстанда 1 млн-дай. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі.
Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас. Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады. Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер “кюлдэк” аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді. Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.
Үрмелі аспаптар арасында қурай - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады.Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналған. Қурай шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Қурайшылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Қурай қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Қурай ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Қурай негізінен бақташылар арасында кең тараған. Қурайлық әуендер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам Қурайда ойнай алатын болған.Қурай тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, т.б.) бар. Біздің сыбызғы аспабымыз осы қурай аспабына ұқсайды.


Тыңдау: Х/К «Жау төбе»

Үйрену: Ж. Даулетов «Қазақ елі»

Муыкалық сауат: марш

ІV. Мадақтау. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әнді жаттау


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер