Жарнама

АКТ коучинг жоспар

Тақырыбы:

АКТ құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары.   

Мақсаты:

АКТ құзіреттілігін арттыру туралы ой қозғау және оның оқу мен оқыту процесіне тигізер пайдасы мен кедергілерін анықтау. Ақиқатқа сай шешімдер құру және талдау.   

Күтілетін нәтижелер

Мұғалімдер өзінің АКТ құзыреттілігі туралы білімі мен оны қолданудағы жетіспеушіліктерді анықтап , өзгерістерді жоспарлау. АКТ қолданатын тәсілдерді үйрену.

Қолданылатын ресурстар

МАН, интернет ресурстары,бейне жазбалар, Активборд, интерактивті тақта, тест, электронды оқулықтар, жетілдіру тапсырмалары

Көрнекі құрал - жабдықтар

Флипчарт қағаздары, стикерлер, түрлі – түсті маркерлер, қаламдар, суреттер, желім, қайшы, интерактивті тақта, слайдтар

Коучингтың өту барысы

Коучтың іс  -әрекеті

Тыңдаушылардың іс - әрекеті

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

(5 мин)

«Сіз үшін қымбат есім» қағаздарға жазғызып оны топқа бөлу, кім және не үшін қымбат сұрақтарына жауаптар алу.

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

     

Коучинг барысындағы көңіл – күйді анықтау 3мин

Адамдарды таңдап, талға қояды.

Белсенді, мақсатты, жай көруге келген, үренуге келгендіктерін айтады.

флипчартта смайликтерді талға қояды

Миға шабуыл

(10 мин)

Бейне жазба көрсету «интерактивті тақтаны қолданған сабақтар туралы»

Қатысушылар өз ойларын түйіндейді.

Топ көшбасшылары шығып өз тобының негізгі идеяларымен алмасады.

Біздегі бар және жетіспейтін тәсілдер немесе құралдарды айту.

Сергіту сәті

(3 мин)

Бірлесіп билейік!

"Байқоныр" Төреғали Төрәлі

Негізгі мәселені ашу

 (20 мин)

АКТ туралы слайд мазмұнымен таныстыру

 

Пікір алмасу

Электронды оқулықпен жұмыс жасау

10 минут

Жеке тапсырмамен жұмыс жасау

 

Электронды оқулықтарды пайдалану

Активбордпен жұмыс жасау 10мин

Тестілеу сұрақтарына жауап беру

Кім қандай сұрақтан қате жібергендіктері туралы пікір алмасу

Рефлексия

5 мин

Қорытындылау

 Құрметті әріптестер біз сіздермен ойлана отырып АКТ құзыреттілігін арттырудың қажеттіліктері мен оны арттырудың жолдары бар екендігіне көз жеткіздік. Бүгінгі сессиямызға келіп  өз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет!

Смайликтер Кері байланыс.

Коучинг бойынша қандай сұрақтарың бар?

Коучинг қызықты өтті ме?

Жаңа тақырып бойынша өзінізге керекті мәліметті таптыңыз ба?

Бүгінгі үйренгеніңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕС ОСЫ ЖОСПАРДЫҢ  ҚОСЫМШАЛАРЫН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ:

Слайд

АКТ ресурстар

Флипчарт көңіл күйді білдіру

Рефлексия және нәтижелер

Тест сұрақтары МАН

ВИДЕО ресурс


Пікірлер (2)

abaikz

Еңбегіңіз ұнады! Рахмет! Тест сұрақтары, ВИДЕО ресурсы... барлығы да бар екен!

Lazzat5

Рахмет. Лайым сізге қандай да бір көмегі тиер деген сенімдемін.

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)