Өлең, жыр, ақындар

Қамбар батыр жыры

Жамбыл  облысы   Тұрар  Рысқұлов  ауданы   Өрнек ауылы   Алғабас  шағын  орталықты  орта  мектебінің  қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі  Байділдаева  Фарида  Сағымбекқызы

Сыныбы:9

Сабақтың тақырыбы: ’’Қамбар батыр жыры’’

Сабақтың мақсаты:1.Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ,шығу тарихын мақсатын білу.

“Қамбар батыр” жырынан  алған білімдерін тексеру сын тұрғысынан ойлау,пысықтау.

2.”Қамбар батыр ” жырынан алған түсініктерін одан ары дамытып,әдеби теориясын  материалдарымен білімдерін кеңейту.

3.Оқушыларды топтасып ,қауымдасып  жұмыс істеуге баулу .Отанын ,елін жерін сүюге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі:өткен сабақты пысықтап ,қайталау.

Сабақтың құралы:”Отан-Қазақстаным ” атты стенді.”Батырлар жыры ” атты көптомдық кітаптар оқулық-хрестоматиялар ,плакаттар ,суреттер ,нақыл сөздер.Ерлік ,тәуелсіздік туралы ойлар мен толғаныстар.

Сабақтың әдісі: Сто бағдарламасының әдіс тәсілдері, сұрақ жауап ,диалог сұхбат ,салыстырмалы зерделеу.

Пәнаралық байланыс: Тарих,қазақ тілі.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды үш топқа бөлемін.Сабақтың мақсатын ел әдебиетімен ,тарихымен ,тағдырымен байланыстырамын .

Сабақ негізіне үш фазадан тұрады .

  1.     Қызығушылықты оятады .
  2.     Мағынаны ажыратады

3.Ой толғаныс

1.Қызығушылықты ояту

2. Проблемалық сұрақтар

2. Мағынаны ажырату

                         1.        Сауаттылық хаты

                         2.        Рөлдегі оқушылар

                         3.        Топтастыру әдісі  

                         4.        Сэнкуэн әдісі 

3. Ойтолғаныс

1  Қызығушылықты ояту үшін әр топқа “Қамбар батыр”жыры туралы  он сұрақ беремін..Ол сұрақтар ел тарихы мен тағдыры. Тәуелсіздік талаптарын  кең көлемде танып ,түсінуге арналады .

1.     Сезім тобы(5 минут)

Ол қандай сезім?

Қамбар мен Назымның бір-біріне деген сүйіспеншілігі осы сезімге жатады. Олардың бір-біріне деген сенімі мен  ел мұратымен байланыстырады.Кезек-кезек сұрақ қоюға  болады.

2.Болашақ тобы

Болашақ дегенді қалай түсінесің?

Болашақтан көп үміт күтуге болады.Кеше мен бүгін мәселесіне мән беріледі.

3. Дарын тобы

Дарын деген сөзді қалай түсінесің ?

Дарынды деп кімді айтамыз?

Дарын деп- барлық жағынан , әсіресе ақыл- парасат, білім жағынан керемет ерекше баланы айтамыз.

Сауаттылық хаты(5минут)

Әр топтан топ басшысы шығып, өздерінің  сауаттылық хаттарын оқиды.

                1.Қамбар батыр атаға

               2.Назым апайға арналған

Ролдегі оқушылар (10минут)

2- топ . Жырдағы кейіпкер түсініксіз сөздерге мағлұмат береді.

3- топ. «Қамбар батыр» жырын қазіргі өмірмен байланыстырып, сурет салады.

Енді 3 топқа қағаз таратамын. Оқушылар :»Қамбар батыр» қандай ?

Топтастыру әдісі

Сергіту минуты

Кәне , балалар, Отан , батырлық , ерлік туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?

3 топ кезек- кезек жарысып отырады.

Отан – оттан да ыстық

Отан сенің ата-анаң

Ерлік білекте емес, жүректе

Ел үмітін ер ақтар

Ер елімен жақсы т.б

Сэнкуэн әдісі:

Қамбар (зат есім)

Батыр ,қайсар(сын есім)

Болды(етістік)

Қамбар батыр  қайсар болды

3.Ой-толғаныс

Қағаз тарататып,уақыт белгілеймін.Әр топтың оқушылары жеке-жеке

Тұрып жазғандарын оқиды.

“Қамбар батыр ” жыры

         Білемін

 Білгеніме сәйкес келмейді

   Жаңа нәрсе

 Тереңірек білгім келеді

Білемін Қамбар менг Назымның қосылатынын

   Әзімбай Назымды Қамбарға Бергісі келмейді,өйткені ол кедей

Хадиса-оқиға шері-жолбарыс дауыс-тотықұс

Ашықтық –ғашықтық үшін жаңа нәрсе

Мен Қамбар мен Назымның өмірбаянын тереңірек білгім келеді

 

Міне, осыдан оқушылардың сын түрғысынан ойлау қабілеті, сөйлеу шеберлігі,  тіл байлығы дамиды. Сабақтың соңында оқушылардың білімдерінің қаншалықты деңгейде екенін айтып, сабақты қорытамын.

Әр топтың топ басшылары өз топтарындағы оқушылардың білімін бағалайды.Бұл технологияда  бірде –бір бала сабақтан қалып қоймайды, барлығы тегіс қатысады.

Үйге тапсырма : «Батырлар жырын»  оқу . Тақырыбын білу, мазмұнымен танысу. Тәуелсіздік мәселесімен байланыстыру


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз