сайыс
ozgetil.kz

Балқаш көліне саяхат

 Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

 Жалпы білім беретін №3 мектеп –

интернаттың бастауыш сынып мұғалімі

Искакова Гульнарай Тыйштыкбаевна

Сыныптан тыс жұмыс

Тақырыбы :  Балқаш көліне саяхат.

Мақсаты: Оқушылардың математикалық қаблеттерін дамыту, кызығушылығын арттыра отырып танымдық қаблетін, логикалық ойлауын дамыту.

Алға қойған мақсатқа жетуге, шапшаңдыққа, жылдамдыққа, топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Карта, эмблема, балық, қармақ, cлайд,

Балалар , бізді қоршаған ортаны не дейміз? /табиғат/  Табиғатқа нелер жатады? /көл,тау, тас,ағаш, құстар/

Біз қай көлдің жағасында тұрамыз? /Балқаш көлінің/

Балқаш өңірі - өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. Күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады.

Балалар, 11 сәуірде  Балқаш қаласының 74 жыл толу мерекесін тойладық. Осы мерекеге орай біз  Балқаш көліне кемемен саяхатқа шығамыз. Саяхат барысында біз бірнеше аялдамаға тоқтап  тапсырмалар орындаймыз. Қай топ көп ұпай жинаса, сол  жеңімпаз аталады. Сапарға аттануға  екі топ дайын. Енді кезекті осы топтарға берейік. /екі топ өз эмблемаларымен таныстырады./

Кәне орнымызға жайғасайық. Бәріңе сәт сапар тілеймін.

/Жеңіл музыка ойнайды/

Біз оңтүстік жағалауға  жеттік. 1 тапсырма кроссворт шешу.

Крассворд: 1 топ  «Балқаш»                                         

1. Заттың құнын, санын білеміз. Не белгісіз? /бағасы/

2. Ұзындықты өлшеу бірлігі. /См/

3. Сыйымдылық бірлігі. /л/

4. S = v * t  формуласы нені білдіреді?/қашықтық/

5. S = a * в  нені табамыз?

6. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.

 2 топ  «Балық»

1. Ең кіші натурал сан /1/

2. Ең кіші масса бірлігі.

3.Математика пәнінде шамалар мен есептерді нелер арқылы орындаймыз? /амалдар/

4. мм, см, дм, м, км қандай шамалардың өлшем бірліктері? /ұзындық бірлігі/

5. Жылдамдық, уақыт белгілі. Не белгісіз?

 Екі топ жұмысын жалғастыра берсін, ал көрермендер  сендерге қояр сұрақтарым бар. Дұрыс жауап берген оқушыларға житон беріледі. Кім көп житон жинаса сол  сыйлыққа ие болады.

Көрермендерге сұрақ:

Балқаш көлі туралы не білесіңдер?

Балқаш коліне қандай өзендер құяды?

Балқаш көлін мекендейтін жануарларды ата

Көлде қанша балық түрі бар?   Мысал келтір.

Біздің туған жеріміздің табиғаты өте бай! Осы табиғаты біздер сақтай білейік! 

Мұғалім : бәрекелді балалар!  Енді екі топтың жауабын тыңдайық. /дұрыс жауап берген  топқа житон беріледі./ Рахмен. Кәне орнымызға жайғасайық. Бәріңе сәт сапар тілеймін.

/Жеңіл музыка ойнайды/

 Алдымыздан шатқал көрінеді . Осы шатқалдың периметрін табыңдар.

1 топ - Шатқалдың биіктігі – 11м, 9м,

Ені 10м

2 топ - Шатқалдың биікітігі –7м, 13м,

Ені - 9м.

Екі топ тапсырмасын орындай берсін, ал көрермендер сендерге тапсырма: құрамында  сандар кездесетін мақал-мәтелдерді кім айтады? /көрермендер жауабы/

Бәрекелді балалар! / дұрыс жауап берген балаларға житон беріледе.

/Екі топтың жауабы қаралады, жеңген топқа житон беріледі.

Біз саяхатымызды ара қарай жалғыстырамыз /Жеңіл музыка ойнайды/

Міне біз балықшыларға жеттік

 Қане балалар балықшалырға көмектесіп балық аулайық. /балалар балық аулайды, түрлі - түсті балықтарда есептер жазылған/

1. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

2.  Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

3.  Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

4. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

5. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

6.  Кітапқа 100теңге және тағы сол кітаптың жарты бағасы төленді. Кітап қанша тұрады? /150 теңге/

7. 3 пар ат 12км/сағ шапса әр бір ат қанша жақырым жылдамдықпен шабады?

/12 км/сағ/

8.     7 май шам жанып тұр, оның екеуін сөндірдім. Қанша май шам қалды? /2 қалғаны жанып кетті/

9.     Ұшақ Алматыдан Астанаға 85мин ұшады, ал Астадан Алматыға 1сағ 25 мин.та жетеді. Қайсысы ұзақ ұшады? /бірдей/

10.  Қаламсап қарындаштан 15 теңге қымбат. 5 қалымсап 5 қарындаштан қанша теңге қымбат тұрады? /75 теңге/

11.  Зауытта  3 дөңгелекті велосипед жасайды. Велосипедке 2 кішкентай және 1 үлкен дөңгелек керек. Қанша велосипед жинауға болады, егер 30 кішкентай және 15 үлкен дөңгелек болса? /15/

12.  Егер ең үлкен 2 таңбалы саңнан екі 8 санымен жазылатын сандарды азайтып, одан алынған санға ең кіші екі таңбалы санды қосса, онда Ғалияның сыныбында қыз балалардың саны шығады. Ғалияның сыныбында қанша қыз бар? /99-88+10=21/

 Берекелді балалар! Жарайсыңдар! Енді алға жүземіз.  /Жеңіл музыка ойнайды/

 Алдымыздан жарық шашып биік мұнара көрінеді.

/Көрермендерге/ Қане, балалар маяк тұралы не білесіңдер? /Алыстан бағыт беріп тұратын мұнара/

 Екі топқа тапсырма :

1. Қайың ағашы өсіп тұр. Бір бұтағында 5 алма, екінші бұтағында 3 алма, үшінші бұтағында 1 алма. Барлығы неше алма өсіп тұр?

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут) 

 3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

4. Айдың автобусбен ауылға бара жатыр, жолжы бай ол 5 жүк машинасымен 3 жеңіл машинаны кездестірді. Барлығы қанша машина ауылға жүріп барады? /бір ғана  автобус/

5. 4 бала 4 сағат асық ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады?

6. 1 аяқпен тұрған әтежтің салмағы 5кг,  ал 2 аяқпен тұрғанда саламағы қанша? /5кг/

Барекелді балалар! /Дұрыс жауап берген балаларға житон беріледі/.

 Міне біз Бертіс шығанағына келдік.

Келесі тапсырма :

3 шидың орынын ауыстырып шаршы жаса.

17 шидан 6 шаршы жасап, одан бір шиды алып 5 шаршы шығару

Біз Балқаш қаласына сапардан сәтті оралдық! Жарайсыңдар!

/Ұпайларды санап жеңімпаздарды марапаттау/

Крассворд:       1 топ   «Балқаш»                                         

1. Заттың құнын, санын білеміз. Не белгісіз? /бағасы/

2. Ұзындықты өлшеу бірлігі. /См/

3. Сыйымдылық бірлігі. /л/

4. S = v * t  формуласы нені білдіреді?/қашықтық/

5. S = a * в  нені табамыз?

6. Барлық қабырғалары тең тік төртбұрыш.

2 топ  «Балық»

1. Ең кіші натурал сан /1/

2. Ең кіші масса бірлігі.

3.Математика пәнінде шамалар мен есептерді нелер арқылы орындаймыз? /амалдар/

4. мм, см, дм, м, км қандай шамалардың өлшем бірліктері? /ұзындық бірлігі/

5. Жылдамдық, уақыт белгілі. Не белгісіз?

 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)