Өлеңдер бөлімі

Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы

Қызылорда облысы Байқоныр қаласы

Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі

К. Э. Циолковский атындағы

№2 жалпы білім беретін орта мектеп

Математика пәні мұғалімі

Рсалиева Сайран

 

Сабақтың тақырыбы: «Бөлу амалының мағынасын пысықтау сабағы»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік  мақсаты: оқушылардың есептей білу дағдыларын қалыптастыру, өткен сабақта алған білімдерін пысықтай түсу, көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау.

Дамытушылық  мақсаты: оқушылардың ойын логикалық тапсырмалар арқылы дамыту, есеп түрлері жайлы білімдерін жетілдіру, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытубарысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту.

Тәрбиелік мақсаты: нақтылыққа , дәлдікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге тәрбиелеу, құстардың пайдасын ұғындырып, оларға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: пысықтау, жинақтау.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау, өз бетінше жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, іздендіру, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, есеп мазмұнына салынған суреттер, кестелер, дидактикалық материалдар.

ТСО: Оверхед-проектор.

Пәнаралық байланыс: бізді қоршаған әлем, қазақ тілі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға басамыз.

Есептерді шығарып,

Өсіп алға басамыз.

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

№5 50-бет есептеу және шешімді тексеру.

Ережелерді айту:

а) Қосындының мәнін тексеру үшін, мәнінен бірінші қосылғышты алсақ, екінші қосылғышты алсақ, екінші қосылғыш шығу керек, немесе мәнінен екінші қосылғышты алсақ бірінші қосылғыш шығу керек.

б) Айырманы тексеру үшін мәніне азайтқышты қоссақ азайғыш шығу керек.

76+18=94           76-18=58            63-37=26           51+45=96

94-76=18            58+18=76           26+37=63          96-45=51

94-18=76                                                              96-51=45

 

ІІІ. Өткенді пысықтау

Өткен сабағымызда қандай амалды өттік?

-Бөлу амалы.

Ойын: «Тең бөлемін»

 

ІV Жаңа сабаққа кіріспе

Күн реті

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем.

-Көктем сөзінде неше әріп?

-6 әріп.

-Неше буын?

-2 буын.

-Олай болса 2 және 6 сандарынан екі таңбалы 2 сан құрастырып айтайық.

-26, 62. (құрамын сұрау)

Көркем сан 62. Математикалық диктант.

 

Көктемде біз нелерді қарсы аламыз?

 

Біз құстарға қандай қамқорлық жасаймыз?

Олай болса оларға ұя жасайық.

Ұя жасау үшін тапсырмалар орындау керек. әр тапсырманы орындағаны  сайын ұямыз да құрастырылады. Тапсырмаларды орындап болғанша неше ұя құрастырады екенбіз?

 

V Жаңа сабақты түсіндіру

№1 тапсырма

Топтық жұмыс.

Геометриялық фигураларды пайдаланып бөлу амалын орындау.

6:2=3                   10:5=2                8:4=2

6:3=2                   10:2=5                8:2=4

 

№3 Жеке жұмыс

Ваняда—3 тиын 5 рубльдік         кімдікі көп?

Нинада—20 рубль                        қаншаға көп?

5+5+5=15

5*3=15

20-15=5

Жауабы: Нинаның ақшасы көп, 5 рубльге көп.

 

Сергіту сәті

Логикалық тапсырма орындау.

1 жәшікте 16 өрмекшінің аяғы бар. Неше өрмекші жатыр?

Неше басы бар?

 

№6. Топтық жұмыс

 

Амалдардың орындалу тәртібінің ережесін айту.

1 топ                              2 топ                            3 топ

2*5+15=25                     20-(17-10) =13            3*6-10=8

8*2-16=0                         35-(14+6) =15             7*2-13=1

 

Сергіту

 

№8 Топтық жарыс

Ереже айту.

а) Азайтқышты, азайғыш пен айырманы азайту арқылы табамыз.

б) Азайғышты, азайтқыш пен айырманы қосу арқылы  табамыз.

Азайғыш

42

36

 

 

70

90

Азайтқыш

 

 

17

28

 

45

Айырма

12

30

20

12

36

 

 

№9 Есептеп шыққан теңдіктерді екі топқа бөлу.

Мәні 8-ді 1-топқа, мәні 6-ны 2-топқа бөлу керектігін оқушылар өздері табу.

2*3+2=8

2*4-2=6

2*5-4=6

2*2+4=8

2*6-6=6

2*7-8=6

 

VІ Сабақты пысықтау, қорытындылау

Ойын «Достарыңнан қалма, дәл тап» Қима қағаз арқылы бөлу амалының жауабы.

VІІ Бағалау

«5» алған оқушыларға қызыл жауқазын.

«4» алған оқушыларға сары жауқазын беру.

Барлық берілген тапсырмаларды орындадық. Қараторғай ұясына неше тақтай кетті санайық, біреуіне 7, екіншісіне 7 тақтай. 1тақтай ауысып қалды. Бұдан шығаратын шешіміміз:

15:7 =2 (1 қалдық)

VІІІ Үйге тапсырма

№5 салыстыру, №7 үш буынды сынық сызу. 2 буыны 3 см, ал үшінші буыны 5 см. Сынықтың ұзындығын табу


Пікірлер (1)

Айшат

Сіздерге көп рахмет Бырак маған математикадан комек керек

Пікір қалдырыңыз