Эссе және өлең-жыр байқауы

7 санын көбейту және бөлу (өткенді пысықтау)

Алматы облысы  Талдықорған қаласы

«М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мектепке  дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бастауыш  сынып мұғалімі      Шаужанова Нұржанат Балатұрсынқызы

Математика                Сыныбы:    3 «А                           

Сабақтың тақырыбы : Өткенді пысықтау

Сабақтың  мақсаты : 1) 7 санын көбейту және бөлу кестесі туралы  білімдерін бекіту,есептеу дағдыларын қалыптастыру.

2) Әр түрлі тапсырмалар орындау барысында  логикалық ойлау,есептеу,таным белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3) Зеректікке,тапқырлыққа,ұқыптылыққа,алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :    саяхат сабақ

Сабақтың әдісі :    сұрақ-жауап, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта

Пән аралық байланыс : әбебиеттік оқу

                          Сабақтың барысы :

I .Ұйымдастыру кезеңі

   1.1 Сабаққа назарларын аудару.

   Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, сабағымыз күнделіктегідей емес,интербелсенді тақтаны пайдалана отырып, математика әлеміне саяхатқа шықпақпыз.Саяхатқа шығар алдында көңіл күйіміз жақсы,көңілді баруға дайындық жасайық.

     Олай болса,балар халық даналары айтқан екен: «Жүректен шықққан сөз жүрекке  жол табады» дегендей бүгінгі сабағымызды көңіл көтеретіндей жақсы бір өлең шумағынан бастайық.

 1.2   Психологиялық дайындық 

 

Саяхатымыз сәтті болсын,әр ісімізге мұқият болайық

II . ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­  ­Қызығушылықты ояту

     2.1 Миға шабуыл

-Балалар, біз өткен сабақта тақырыптарды қарастырдық?

-Дұрыс айтасыңдар , мен сендерге осы 7 санының қандай қасиеттері бар екенін біліп келіңдер деген болатынмын?

- 7 саны жайлы не білдік?

- 7 саны бір таңбалы сан, тақ сан,киелі сан екенін білдік.

- 7саны- ата,күн,шелпек,қазына,жұт,жоқ,ғалам.

    Ендеше балалар,бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты осы 7 санының көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерің тиянақтау.

III. Мағынаны ашу. «Математика әлеміне» саяхат

      Саяхатқа шығу үшін бірнеше бекеттерге тоқтаймыз.Әр аялдамада түрлі  тапсырмаларды орындаймыз.

                      Интерактивті тақтамен жұмыс

Көлікке отыру үшін « Ұтыс» ойынын ойнаймыз.(Онда жүргізуші құжатын алу керек)

1.Бекет  «Өзін-өзі тексеру» бекеті

Бұл тапсырма қандай ережеге байланысты орындаймыз ?

 

1.2 Дәптермен жұмыс

Ай,күнді жазу.

Көркем жазу

               2 «Есептеу» бекеті

2.Баған түрде есепте және дұрыстығын тексер.

              257+ 478      369+409        608-299     880-791      

              3.Бекет  «Теңдіктер құрастыр»  бекеті

3.Өзара байланысты сандармен теңдіктер құрастыр.

 

63   42   54  

 

49   0   1    35   

6   7     0    1

1  0   3   4   5

 

6   7   8   9

             

                                                                    

 

 

 

                       
           

 

              х          =                                                :         =

 

            4.  Бекет «Үлес» бекет

4.Бүтін ірімшіктің массасын тап.

 

Изображение 023

5. Бекеті   «Периметр» бекеті

5. Фигураның периметрін табу.    Периметр деген не?(оқушы жауабы)

Р=3см+3см+3см+3см+3см+3см=18см

Р=(3+3+3)х2=18 см

 

               6. Бекет.  «Аудан» бекеті

   8.тапсырма    Аудан деген не?  ( оқушы жауабын тыңдау)

     Әр амалды орындағанда ,ненің ауданын таптың?

1 )  6х6=36м²                Бөлменің ауданын таптық.

2 )  2х2=4 м²                 Бөлмедегі бөлінген тіреуіштің ауданы

3)   36-4=36 м²             Бөлмеге салынған линолеумның ауданы

Өрнек құрастыр және оның мәнін тап.

 

                   
         

 

        х          -            х           =

 

                7.Бекет.  « Ойлау» бекеті

Шығармашылық тапсырма

IV.Сабақты қорыту

    -Сонымен балалар «Математика әлеміне» де келіп жеттік.Ешқандай кедергісіз барлық тапсырмаларды орындадық.

   -Жол бойы біздер не үйреніп,не білдік?

    ( оқушылар жауабын тыңдау)

V.   Бағалау

  Бізге «Математика әлемі» өте риза, мына өлең  жолдарын арнайды:

                     Оқы талмай,түй санаңа,жас бөбек,

                     Сыр құямые,жыр құямын бойыңа.

                     Көп ізденіп,оқы мені қастерле,

                     Бар білімді,мен егемін  ойыңа.

VI . Үйге тапсырма  149 бет № 7

 

 


Пікірлер (1)

Модератор

Суреттеріңіз шықпай қалыпты:
Bilim-all.kz сайтына материал енгізгенде суреттерді қалай қосамын?: qa.bilim-all.kz/522

Пікір қалдырыңыз