Өлең, жыр, ақындар

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Есқалиева Саягүл Ағыбайқызы
Тарих пәнінің мұғалімі
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
Бұлақ орта мектебі

Сабақ тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақтың мақсаты: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуын баяндау.

Білімділік: XIIІ ғ. бас. Монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясаты, оларға қарсы халықтардың күресі  мен жаулап алудың зардаптары жайлы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Шыңғысхан құрған империяның ішкі-сыртқы саясатының ерекшеліктерін талдай отырып,оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге, тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгеру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс,тест

Көрнекілік: интербелсенді тақта, тақырыпқа арналған карта, оқулық картасы, тірек-сызбалар, М.Шахановтың «Отырар балладасы» өлеңінен үзінді

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: тест алу

ІІІ. Жаңа білім беру

Жоспар:

  1. Монғол империясының құрылуы
  2. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
  3. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
  4. Жаулап алу зардаптары.
  5. Ұлыстардың құрылуы.

 

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Өзіндік жұмыс: әр оқушыға жеке бекіту тапсырмалары:

1. Тарихи диктант

Шарты:диктант ішінен «монғол шапқыншылығы» тақырыбына қатысты есімдерді (адам аттарын)теріп жазып, әрқайсысына сипаттама бер

Әл-Фараби,Айша, Торы, Әл-Бируни, Жеңісхан, Гаухар-Шахназ, Жошы,  Арыстан баб, Темүжін, Жүсіп-Зылиха, Жебе,Әли, Шағатай, Жүсіп Баласағұн, Әл-Максиди, Төле, Мөңке, Үгедей.

 

3. «Сөйлемдерді толықтыру» тапсырмасы

 

Шарты:Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толтыру.

1. Монғол жерінде ...  тайпалары өмір сүрген. (керей,найман, меркіт)

2. Шыңғысханның шын аты ...болатын (Темүжін)

3. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы ...болды. (құрылтай)

4. Шапқыншылықтың әсерінен... қаласы жойылып кетті. (Баласағұн)

5. 1219 ж күзінде монғол әскерлері ... қаласына келеді (Отырар)

 

 

5.Хронологиялық кесте толтыр:

 

1207-1208 жж.__________________________________________________

1207-1209 жж.__________________________________________________

1211-1215 жж.__________________________________________________

1217 ж. ________________________________________________________

1218 ж. ________________________________________________________

1219 ж. ________________________________________________________

1219-1224 жж. __________________________________________________

6. Сөзжұмбақ  шешу

  1. Темүжіннің руы (қият)
  2. Әкесінің есімі (Есукей)
  3. Әкімшілік бөлініс (Түмен)
  4. Есукейге қарсы тайпа (Меркіт)
  5. Бағындырылған тайпа (Татар)
  6. Шыңғысханның ұлы  (Жошы)
  7. Заңы (Жасақ)
  8. Өзен  (Онон)

ә) ауызша сұрақтар:

1. Монғол империясының құрылуы туралы не айтасыңдар?

2. Империяның қоғамдық құрылысы туралы не білесіңдер?

3. Жасақ (Яса) деген не?                                                         

4. Қазақстанды монғолдар қай кезде жаулап ала бастады?

5.Қандай қалалар қарсылық көрсетті?

6.Монғол шапқыншылығының қандай зардаптары болды?

7. Қазақстан жері қандай монғол ұлыстарына кірді?

V. Сабақты қорыту

VІ. Бағалау

VІІ.Үйге тапсырма: §22

 


Пікірлер (2)

Замирбек Рамзан

Жауаптарынызга рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз