Өлең, жыр, ақындар

Дифференциалды оқыту

 

                                       Коучинг

  

Коучингтің тақырыбы:

      Дифференциалды оқыту.

 

Жалпы мақсаты:

  Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал – дифференциация болып табылады.

Оқу нәтижелері:

     •  Өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етуге;                                                                                              

     •  Білім беруде оқушыны  дәлелдерге мән беруге ынталандыру, шағын  топтарда жұмыс істеу әдістерін тиімді қолдануға;

     • Ойлау мен оқыту тәжірибесіне енгізуде, ақпараттар жинауда сын тұрғысынан талдау мен бағалаумен танысады.

 

Түйінді идеялар:

 Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Жаттығулар:

1.Психологиялық жағдай жасау: «Ойлап тап». Мұғалімдер  үш қатарға тұрады, коуч әр қатардың соңғыларына суретті көрсетеді, соны алдында тұрған мұғалімнің арқасына қолымен салып, әрі қарай жалғасып, ең бірінші тұрған мұғалім ойлап қандай сурет болғанын табу керек.

 

2.Топқа бөлу:  сурет бойынша  үш топқа бөлінеді.

     

3.  Ой шақыру: «Дифференциалды оқыту деген не?» өздерінің түсініктерін ортаға салады. Тиімділігі қандай екенін анықтайды.

4. «Автобус аялдамасы» әр топ босқа топқа барып, кластерлерін толықтырады.

 

 5. «Жаңа материалмен танысу»  ( топтастыру )

Үш топ   дифференциалды оқыту туралы өз мәтіндерін оқып, топпен жұмыс жасау арқылы негізгі ойларды плакатқа түсіріп қорғайды.

 

6.Слайд: «Дифференциалды оқыту» .

Дифференциалды оқыту сабаққа қалай енгізетіні, бөлінетіні және  қандай деңгейлік тапсырма берілетіні туралы өз пікірлерін ортаға салады. 

 

7. Сергіту сәті: « Күн шуағы кімде сырға  соған түседі»-  коуч айтқан зат бар адамдар орындарын ауыстыруға тырысады, кім үлгермеді, сол кезекші болады.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

 Үш топқа бөлу:

Қазақ тілі мамандары, бастауыш сынып және басқа пән мұғалімдері.

Тапсырма: Мына қазақ тілі пәнінен деігейлік тапсырмаларды орындауға 7 минут беремін. Мұғалімдер топпен бірлесе  отырып жұмыс істейді.

-Қалай ойлайсыздар, қандай тапсырмалар құрастырылған?

-Осы тапсырмаларды балалар орындай алады ма?

-Қалай ойлайсыздар, осындай деңгейлік тапсырмалар не үшін қажет?

Кері байланыс

Стикерлерге жазамыз:

-Не ұнады? Не ұнамады?Не өзгертер едіңіз?

 


Пікірлер (2)

Oscar+

Керемет тақырып. Рахмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер