Өлең, жыр, ақындар

Фосфор қосылыстары

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,

Б.Бегалиев атындағы орта

мектептің  химия пәні мұғалімі 

Умешова Бибігүл Хажықызы.

Сабақтың тақырыбы:   Фосфор қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Фосфордың атом құрылысы, оның аллотропиялық түр өзгерісі  және оттекті қосылыстары: фосфордың (V) оксиді, фосфор қышқылы мен тұздарын қарастыру. Фосфор тыңайтқыштары туралы түсінік қалыптастыру.Дамытушылық:   Қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге, өздігінен іздену жұмыстарын жетілдіру, ой – өрістерін  дамыту.Тәрбиелік:  Білім деңгейлерін анықтау, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа материалды баяндау

Сабақтың түрі: Дәріс                                                                                          

Құрал – жабдықтар: интеракт.тақта, нұсқаулық қағаз, периодтық жүйе, құрамында фосфоры бар заттар, кестелерметалдардың кернеу қатары, сынауықтар.                                                                                                          

Реактивтер: натрий ортофосфаты, мырыш, магний ұнтақтары, ортофосфор қышқылы, қорғасын нитраты, мыс сульфаты, қызыл фосфор, спиртшам, шырпы, темір қасық, индикатор лакмус қағазы.

Сабақтың әдісі:ОҮӨӘЖПТ

Сабақтың жоспары 

1.Ұйымдастыру кезеңі     а)Зейінін сабаққа аудару    б)Қатыс тексеру

2.Ой қозғау   Үй тапсырмасы

1.Азоттың периодтық жүйедегі орны,қолданылуы.

2.Азоттың физикалық қаиеттері.

3.Азоттың химиялық  қасиеттері.

4.Аммиактың қасиеттері

5.Азот қышқылының қасиеттері

6.Азот қышқылының тұздары

3.Жаңа материал    Фосфор қосылыстары.

Өз бетімен тақырыпты меңгеру

«Дана үкілер» техникасы

1.Иллюстрациялық бейнелеу

А) Фосфорды ашқан ғалым?   

Ә) Фосфордың қосылыстары  :

Оксидтері                      Қышқылы                        Тұздары

2.Мәтіннен негізгі ұғымдарды тауып мәнін түсіндір

А) Реакциялар сыры              Р+О2          Р2О5+Н2О      

Са2(РО4 )2 + 3Н2SО4 — 2Н3РО4 +3СаSО4

1) активті металдармен: 2Н3РО4 +3Са - Са3(РО4 )2 +3Н2

 2)негіздік оксидтермен: 2Н3РО4 +3Са О  Са3(РО4 )2 +3Н2О

 3)негіздермен: Н3РО4 +3Nа ОН - Nа3РО4 +3Н2О

 4)әлсіз қышқылды тұздармен:2Н3РО4 +3Nа2S -2Nа3РО4 +3Н2S

Сапалық реакция    Н3РО4 +3АgNО3 - Аg3РО4 тұнба сары+3НNО3

Ә) Ұғымдар

Фосфор       Фосфор 5оксиді     Фосфор3оксиді   Фосфор қышқылы     Фосфаттар

Жұмыс нәтижесін мұғаліммен талқылау

А) Мені түсін

Оқушылар кітапты жауып қойып,мәтіннің негізгі ойын білдіретін 10 шақты сөз жазу керек

Ақ фосфор       Қара фосфор        Қызыл фосфор

1. Фосфорды ............жылы .................. ашты.

2. Фосфор қосылыстарда ............................ тотығу дәрежелерін көрсетеді.

3. Фосфор ядросында ....... протон, .......нейтрон болады.

4. Фосордың металдармен қосылысы ........................... деп аталады.

5. Фосфор элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропия түзеді: ......................... , ........................... және .........................  .

6. Фосфордың жер қыртысындағы массалық үлесі ..........%

7. Фосфор ......................... .........................................

.....................................................................кездеседі.

8. Ауасыз ортада қыздырғанда ақ фосфор ......................... айналады, ал жоғарғы 

     қысымда .................... айналады

Ә) «Эстафета»

РН3-           NaH2PO4-             AIPO4 -           CaHPO4-

Б) «Тірек мәтін техникасы» Эксперимент

Сынауыққа 1 мл әк суын құйып, оған 1 тамшы ортофосфор қышқыл ертіндісін қосамыз. Сынауықты шайқаңдар. Тағы да бірнеше тамшы қышқыл қосамыз. Лайлануы жойылады.

3 сынауыққа да ортофосфор қышқылын құйып,№1үстіне  темір шеге,№2 үстіне  мыс сым  №3 үстіне магний саламыз,қорытынды жасау

В) « Ара ұясы»  техникасы

Химиялық өзгерістер: Р →Са3Р2 → РН3→ Р4Н10 → НРО3 → Н3РО4

«Кері байланыс» Деңгейлік тапсырмалар

1деңгей

1.Фосфор қышқылының  үш сатыда диссоциациялануы:

2. Фо сфор қышқылының қалдығына (РО43-)сапалық реакция.

3.Фосфаттардың қолданылуы

2деңгей

1.14,2 г фосфор оксидін (V) 50 мл сумен әрекеттестіріп алынған фосфор қышқылы ерітіндісінің массалық үлесін анықтаңдар

2. Құрамында 35% породасы бар 50т фосфорит заводқа әкелінді. Таза кальций фосфатының салмағын табу шығарылуыРудадағы таза кальций фосфатының мөлшері 65% (100% -35%) , ал бос порода ω (бос порода) = 0,35, ω (Са3(РО4)2) = 0,65     m ( Са3(РО4)2 ) = 50т · 0,65 = 32,5 т немесе m ( қоспа ) = 50т · 0,35 = 17,5 т осыдан         m ( Са3(РО4)2 ) = 50т - 17,5 = 32,5 т

Жауабы: m ( Са3(РО4)2 ) = 32,5 т

3деңгей Екі жай заттың қоспасын басқа екі жай заттың қоспасын әрекеттесті. Реакция нәтижесінде қалыпты жағдайда қатты күйде кездесетін, сумен өте қарқынды түрде әрекеттесетін бинарлы қосылыс болып табылатын бір ғана өнім түзіледі. Қыздырған бұл өнім екі бөлікке бөлінеді, бір бөлігі балқыма, бір бөлігі бірден буланатын затқа айналады, бірақ екі бөліктің де сапалық құрамы бірдей болады. Барлық бастапқы заттарды атаңдар. Реакция өнімін қыздырған кезде қандай өзгерістер болатынын түсіндіріңдер.                      

есептің жауабы:Реакция өнімі бойынша көрсетілген деректерге байланысты мынадай: бастапқы 4 затта екі элементтен тұрады қорытынды шығаруға болады. Осыған орай, аллотропиялық түрөзгерістер туралы, реакция өнімінің қасиетінебайланысты фосфор және оттек жайында сөз болып жатқаны туралы айтуға болады. Фосфордың(V) оксиді екі кристалдық модификациялық түр өзгерістер: бірі молекулалық кристалл торлы - ұшқыш, ал екіншісі атомдық кристалл торлы –ұшқыш емес түрінде кездеседі

Сергіту сәті      Жұмбақ әңгіме

Біз негізі үш егіз жігітпіз.Мен-Ақбаймын,Қарабай,Қазбек деген ағаларым бар.Түріміз де мінезіміз де ұқсайды.Менің мінезім нашар,тез тұтанып шыға келем,өзім улы заттар қоймасында жасаймын.Ағаларым маған қарағанда момын,Қарабай-әскери адам,түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді.Ал Қазбек сіріңке зауытының директоры.Мен,Менің ағаларым кімдер?

Қорытындылау             Лездеме сынақ

1.Ақ және қызыл фосфордың бір-бірінен айырмашылығы:

а) кристалдық торының түрінде;       б) химиялық белсенділігіне;

в) сапалық құрамында;            г) физикалық қасиетінде;

2.Фосфордың валенттігі мен тотығу дәрежесі оның жоғары оксиді мен қышқылына тең болады:    а) 3 және -3;     б) 3 және +3;        в) 5 және -5;          г) 5 және +5.

3.H3PO4-те фосфордың валенттігі мен тотығу дәрежесі нешеге тең:

а) ІІІ және +3;     б) V және +3;    в) ІІІ және +5;      г) V және +5.

4.Қай затпен H3PO4- әрекеттеспейді, бірақ HNO3(сұйыт)- әрекеттеседі?

а) калий карбонатымен;   б) кальций оксидімен;   в) мыспен;     г) аммоний карбонатымен.

5.Ерітінді PO4-3 иондарының бар екендігін анықтау үшін.

а) Ba 2+            б) Cu 2+             в) Ag+               г) Na+ алу керек.

Жауабы: 1-а, 2-в, 3-г, 4-в, 5-в

Үйге тапсырма:   Фосфор қосылыстары

   Бағалау

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз