Өлең, жыр, ақындар

Әйел-Ана

Балқаш қаласы, Қарағанды облысы

№4 мектеп  - интернатының

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Жумашкина Аспет Кажикаримовна

Сабақтың тақырыбы: Әйел-Ана
Сабақтың мақсаты:

 1. Білімділігі: Әйел-Ананың тапқырлығы, батырлығы жөнінде мағлұмат беру;
 2. Дамытушылығы:  Тілдік қорларын байыта отырып, ойлау, есте сақтау  қабілетін  дамыту;
 3.Тәрбиелілігі:  Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, ананы 
сыйлауға, құрметтеуге  тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс
І.Ұйымдастыру
1) Оқушылармен амандасу

2)Психологиялық дайындық

- Амансың ба, алтын күн!

- Амансың ба, көк аспан!

-Амансың ба, достарым!

-Амансыз ба, ұстазым!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ана» туралы әссе жазып келгендерін тексеру.
2) Шығармашылық жұмыстарын тексеру
-Ана туралы  мақал –мәтел сұрау.

ІІІ.Мағынаны тану кезеңі           

1) А.Сейдімбек туралы топтастыру арқылы мағлұмат беру

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының   Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында 1942 жылы 12 желтоқсанда дүниеге келген.

Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып,  әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
2) А. Сейдімбектің «Әйел-Ана» әңгімесін сатылай кешенді талдау  әдісі бойынша   түсіндіру
            Әйел-Ана

Күншуақ елі
Қапыда шапқан жау
Жау әміршісінің жарлығы
Тұтқындардың шешімі
Ақ шашты ананың ақылы 
 Жау әміршісінің алдануы
          Қасиетті сөз

ІУ.Оқулықпен жұмыс
1)Мәтінді іштей оқыту
2) Мәтінді дауыстап оқыту
3) Мәтін мазмұнымен жұмыс
Ертегіден түсінгендерін сұрау.

У.Дәптермен  жұмыс
1)Сөздік жұмыс

 УІ.Шығармашылық жұмыс
1)Бес жол өлең құрастыру
І-топ: Күншуақ елі                            ІІ-топ: Ана туралы

УІІ.Сергіту сәті
«Ана» туралы өлең айту

УІІІ.Поэзия минуты
1)  «Ана» сөзін топтастыру

 

ІХ.Сабақты бекіту

-Сурет бойынша сабақ қорытындыланады
    1)Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болады?
  2)Ер-азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел-Ана қандай тапқырлық жасады?
 3) Ақын ертегі арқылы қандай ақыл, өнеге бермекші болып  отыр?
 4) Ер-азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай  жолын ұсынар едің?

 

Х.Үйге тапсырма: Ертегі бойынша түсінгендерін айту
ХІ.Бағалау

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер