Эссе және өлең-жыр байқауы

Періште ойыны

                                                                                        Қызылорда облысы  Арал  ауданы

Т. Г. Шевченко атындағы

№13 орта мектебінің ІІ санатты педагог-психологы

                                                                          Альжанова  Гулбану Нұржауқызы

 

Тақырып атауы: «Періште ойыны»

Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.

Құрал –жабдық: қағаз, қалам

Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Ойын ережесі

  • бір-бірін тыңдау
  • уақыт үнемдеу
  • белсенділік таныту
  • достық қарым-қатынас
  • жағымды эмоция тудыру

Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.

Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады

Барысы:  

Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады,  ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады.

  1. Біреу досыңа тиіссе, немесе күш көрсетсе...
  2. Біреу сенен ақша сұраса, сенің досың не істер еді...
  3. Мұғалім, ата-анам менің достарым-жанашырларым,,,

Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.                                                                     


Пікірлер (3)

Гулбану

салеметсиз бе сиздерде кандай сайыстар болып жатыр сайыска катыса аламыз ба болып жатса алгыс хаттар кеек еди калай алуга болады сиздерден

Aigerim

Шынымен бе?Қалай қатыса аламыз?

Модератор

Сайыстар әзірше жоқ, құдай қаласа жақында ұйымдастыруға тырысамыз!

Пікір қалдырыңыз