Өлең, жыр, ақындар

Қош бол сүйікті Әліппе!

ОҚО Шымкент қаласы

№103 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі

Жандарбекова Лаура

Қош бол сүйікті Әліппе!

 

Мақсаты:

1. Оқушылардың алған білімдерін «әліппемен қоштасу» кешінде бекіту.

2. Өз өнерлерін ата-аналарға,ұстаздарға көрсету.

3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Оқу, білім жайлы ұлағатты сөздер, шарлар және слайд шоу т.б.

Әнұран орындалады.

 

1-жүргізуші: 

Көрініс: «Жетпіс пен жеті»

(Ақсақал рөліндегі, оқушы немересін жетектеп шығады.Музыка ойнап тұрады)

2-жүргізуші:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп,

Келе жатыр көшеде

«Қайда  әлгі мектеп»-деп

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келеді жүгіріп.

 

Атасы: Бақдаулет.

Балам, балам жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол тентегім.

 

Немере: Алиасқар.

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Мейіріммен ұстаз қарсалды,

Қадамымды құп алып.

(Атасы мен немересі  кетіп қалады,)

 

1-жүргізуші: 

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім

Әліппемен қоштасу тойымызға

Қош келдің! Айналайын халқым менің!

 

2-жүргізуші: 

Өмір берер ертеңгі бағаларын

Әліппемен қоштаспақ балаларың

Халқыма ұрпақ берген, өмір берген

Қош келдің, әкелер мен аналарым!

 

1-жүргізуші: 

Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен – дей келе ұстаздарға арналған жыр шумақтарын қабыл алайық.

 

1-оқушы: Айсу.

Лаура апайға:

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың жаныңа,

«Шәкіртім»деп қуанып.

Сипадыңда басымнан.

Әліппені ұсындың

Бақытамның осыдан

Басталғанын түсіндім

 

2-оқушы: Мирас.

Балжан апайға.

Сыпайы,сұлу,сымбатты,

Жымия күліп тіл қатты.

Балжан апай бар кезде,

Өзгеге тілін тыңдатты,

 

3-оқушы: Меруерт.

Гаухар апайға

Мектебімнің әншісі Гаухар апай

Концерттерге қатысты талай-талай

Өзін-өзі  танудан жаңа пәннен

Сабақ беріп жалықпай үйретуден

 

4-оқушы: Әсілбек.

Асия, Айгерім апайларға.

Ашық жарық мінезі

Бәрімізді жақсы көреді

Айгерім ,Аcия апайларым

Ағылшынын сабақ береді.

 

5-оқушы: Шерзод.

Меруерт апайға.

Мың бұралып билеуге,

Ырғақпен әсем жүруге.

Меруер апай үйретті

Әдемі ғой бар кезде.

 

2-жүргізуші: 

Ұстаздардың құрметіне  «Ұстазым менің ұстазым!»

 

Алфавит:

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе, қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

1-жүргізуші: 

Алфавит жүйесіндегі әріптер мен сендерге жұмбақ жасырайын бәріміз бірге шешейік.

Бар білімнің бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан?

 

Барлығы: Әліппе!

2-жүргізуші: 

Ортаға әліппені шақырайық.

Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.

 

Әліппе:

Армысыздар жас достар.

Армысыздар ата-ана,

Болашаққа  жол бастар

Әліппең келді ортаға.....(бас иіп сәлем береді)

Алфавит

Әріптер шығыңдар,

Орындарыңа тұрыңдар

Бастайық кіне айтысты

Жібермейік намысты.

Әліппе:

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық.

Не үйретіп, не білдік

Қане, ортаға салайық!

 

Иманғали

Дауысты дыбыс: А

Абай атам өлеңін

Апама оқып беремін.

 

Шерзод

Дауысты дыбыс: Ә

Әуезов Мұхтар атаның

Әлем білді атағын

 

Назерке

Дауыссыз дыбыс: Б

Білгір ғалым ақын еді

Байтұрсынов Ахмет

 

Мөлдір

Дауыссыз дыбыс: Ғ

Ғабиден Ғабит еңбегі

Ғұмырлық байлық елдегі

 

Айгерім

Дауыссыз дыбыс: Д

Дәуірден тұр тіл қатып,

Дулатұлы Міржақып.

 

Айда

Дауыссыз дыбыс: К

Кенен ата-ақын еді көшелі

Кейінгі ұрпақ жаттап өседі

 

Бейбіт

Дауыссыз дыбыс: Н

Нұрдаулет, Нұргелді нағыз нарлар

Намысын бермес сыныптың

Батыр болып туған атадан

 

Нұркелді

Дауысты дыбыс: О

Орны бөлек алыптың

Олжас ұлы халықтың

 

Меруерт

Дауыссыз дыбыс: Ф

Фариза апа қазақтың бұлбұл қызы,

Жыр аспанда жарқырап тұр жұлдызы.

 

Қайрат

Дауысты дыбысты: Ю

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

 

Алфавит

Барлық әріп бағалы,

Айтпақ әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті,

Ардақтайды, қолдайды.

 

6-оқушы:Гулназар

Біз жазамыз ана деп,

Біз жазамыз дана деп.

Біз жазамыз бала деп,

Біз жазамыз қала деп.

 

7-оқушы:Нұрдаулет

Биік-биік таулар деп,

Қызыл-жасыл баулар деп.

Қаhарман ел қазақ деп,

Болашағы ғажап деп.

 

8-оқушы: Айсу

Әліппеге даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы.

 

2-жүргізуші: 

Еңбек, білім мәнінде

Есептейтін бәрін де

Бізге керек

Математика пәні де

Солай емес пе,достарым,

Бастаңдар енді санамақ

Кім ұшқыр да,кім ұтқыр.

 

Алиасқар

Бір дегенім –бидай

Ас атасы дейді- ай

 

Меруерт

Екі дегенім емен,

Сондай қатты екен.

 

Жангелдин

Үш дегенім- үйеңкі

Жанға жайлы көлеңкі

 

Нұрдаулет

Төрт дегенім- тарақ,

Шашыңды жүргін тарап.

 

Иманғали

Бес дегенім –бесік,

Шықтым одан өсіп.

 

Аяна

Алты дегенім – алма,

Жақсы көрер бала.

 

Есенәлі

Жеті дегенім- жидек,

Бұтағы оның тікенек.

 

Нұркелді

Сегіз дегенім- сәбіз,

Одан тәтті қарбыз.

 

Қайрат

Тоғыз дегенім – тоғай,

Бүлдірген теру оңай.

 

Шерзод

Он дегенім-орман,

Оның іші қорған.

 

(Хат келді, хат келді - деп қоян киімін киген бала жүргізушіге хат әкеліп береді)

- Балалар хормен:

- Хат кімнен келді?

2-жүргізуші: 

- Қане ашып көрелік.

- Бұл хатты бізге аяз ата беріп жіберіпті.

- Балалар  аяз ата сендерге тапсырмалар беріпті, тапсырманы дұрыс орындаған балаларға өз сыйлығын береді екен. Ал тапсырманы орындамаған баланың сыйлығы қоржынында қалып қояды...

- Тапсырманы орындаймыз ба балалар! (ия)

(Экранда берілген сұрақтарға жауап береді.)

Әліппе:

Ал, бәрекелді достар бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын «Ана тілі» пәнімен танысасыңдар.

Ана тілін ортаға бірге шақырайық.

Хормен: Ана тілі,ана тілі

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Туған елдің тілімен,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне:

Ана тілі мен болам.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

 

Әліппе:

Балалар мен сендерге ақ батамды берейін.

Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл – қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына

Аман – есен түгел жет!

«5» болсын алар бағалар,

Өсе берсін саналар

Әумин!

Мен сендерге ризамын балалар!

Қош сау болыңдар!

 

Бәрі хормен: Қош бол әліппе!

9-оқушы: Жангелдин

Қош бол құтты әліппем

Көп нарсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

 

10-оқушы: Мөлдір

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

 

2-жүргізуші: 

Балалардың дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.

 

Абдижаппар Айсудың орындауында шығыс биі

«Қара жорға» биі

«Орыстардың және қазақтардың баламен әңгімелесуі - қандай?» көрінісін тамашалайық.

 

Дочка: Мама как же я рада что мы идем вместе в школу!

Мама: Нет, доченька, в школу учиться идешь ты.

Дочка: А разве мы не будем учиться вместе?

Мама: Конечно нет, я уже отучилась давно. Ты не одна будешь учиться одна, ты же будешь учиться с классом вместе.

Дочка: Ладно, а мам за то что мы учимся вместе, нам будут давать конфеты?

Мама: Нет, почему же, за учебу вам будут ставит оценки.

Дочка: Какая оценка самая лучшая?

Мама: Ну конечно 5 и 4

Дочка: А какая самая плохая?

Мама: Это 3 и 2

Дочка: Тогда я каждый день буду получать пятерки, и приносить их домой, и буду радовать вас с папой.

Мама: Ты моя лапочка, конечно!

Дочка: Мама….

Мама: Ну дочка, остальные вопросы будешь задавать своей учительнице, хорошо?

Дочка: Ладно, мамуля!

(Орыс қызбен анасы шығып кетеді.Кейін қазақтар ортаға шығады)

 

Баласы: Анашым!

Анасы: Ия балам.

Баласы: Біз әлі мектепке дейін көп жүреміз бе?

Анасы: Балам  аз қалды.

Баласы: Анашым мектепте ағам екеуміз оқймыз ба?

Анасы: Жоқ балам,сенің ағаң азанда оқиды, ал сен түсте.Түсіндің бе?

Баласы: Ия, ал мен қашан азанда оқимын?

Анасы: Саған әлі 4 жыл оқу керек.

Баласы:Анашым мектепке дейін қанша қалды?

Анасы: Болды енді жетер, сұрай берме.

Баласы: Анашым мұғалім маған ұрыспай ма?

Анасы: Ол саған байланысты.

Баласы: Анашым мынау не?

Анасы: Дүкен.

Баласы: Ішінде не бар?

Анасы: Әр түрлі заттар бар балам.

Баласы: Оларды не істейді?

Анасы: Басымды ауыртып жібердің сөйлей бермеші – а

(Анасы мен қызы шығып кетеді)

 

Жүргізуші:

Бұл көріністегі мақсатымыз – орыстар өз балдарына қалай уақыт бөлетіндігін және әр сұрағына мұхият жауап беретіндігін көрсетті.

Ал қазақтар әр бір сұрағына жауап беруге шыдамы жетпей дөрекі сөйлейтіндігін көрсеткіміз келді.

 

Ортада  «Латина» биі

Би «Жылайды жапырақ»

«Египет» биі мен ортада Көркем бишілер тобы және Абдижаппар Айсу

Абдурахманов Қайраттың орындауында ән

 «Өзбек»  биі мен ортада Көркем бишілер тобы және Мамбетәлі Меруерт

Исмаилова Назеркенің орындауында «Көңілді күн» әні

Ортада «Қоштасу вальсі»

Бүгінгі кешіміздің қорытынды сөзін тыңдайық.

Қорытынды сөз:

1. Бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісінің пікірі.

2. Мектеп басшылары мен ұстаздарының пікірі.

3. Ата-аналар пікірі.

Қариялар батасын береді екен,

Бата деген ақ тілеу керек екен.

Жақсы дәстүр жақсы сөз игі тілек,

Ұрпақтарға жалғасып келеді екен, - деп, үлкендердің батасын алсақ.

 

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

Білімдерін ары қарай дамытып,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын-дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз