Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Алматы  облысы Кербулақ ауданы 

Д. Қонаев атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

тарих пәні мұғалімі: Хавдал  Нуржанар

Қазақстан тарихы 

9- сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Сабақтың  мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Ұжымдастыру ұғымы, Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының кезеңдері, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастырудың зардаптарына талдау жасау.

2. Тәрбиелік мақсаты: Аштық, індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: топпен, жұппен, жеке жұмыс, тест

Көрнекілік: суреттер аштық туралы, «Сталин Голощекин порттреттері», Ашаршылық! Видео, слайд

Сабақтың барысы:

Сабақты мұғалім Елбасының түйін сөзінен бастайды

Бүгінгі  күнді  түсініп – түйсіну үшін де, болашақтың  дидарын  көзге  елестету  үшін де, кешегі  кезеңге  көз  жүгіртуіміз  керек

                                        Н. Ә. назарбаев

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты 3 топқа бөлу, ( Мұғалім әріптер жазылған түрлі түсті парақтарды ұсынады, топ басшылары өз тобына ұнаған түстерін таңдап алу  барысында әріптерді құрастыру арқылы әр  оптың атауы шығады)  

  • І топ «Кеңестер»
  • ІІ топ «Шаруалар»
  • ІІІ топ «Зиялылар»  (Әр топ атауларының мағынасы бойынша топ басшылары сипаттама береді)

ІІ. Сабақ кезеңдері

І.  Хабарлама

ІІ. Көкпар

ІІІ. Сен білесіңбе? Ой қозғау

ІҮ. Денгейлік тапсырма

Ү. Ащшы шындық (алдын ала берілген тапсырма)

ҮІ.  Қорытынды тест

І кезең. Хабарлама

Топ мүшелері конверттегі сұрақтарға өз тақырыптарын пысықтап жауап береді.

І-топ: Қазақстанда “Кіші қазан”  бағытының басталуы кімнің есімімен тікелей байланысты, қазақ жерінің қай өңірінен басталды?

ІІ-топ: Тәркілеу декрет бойынша қазақ байларымен ауқатты шаруалардың жағдайы, көшпеліліктен отырықшылыққа қай аудандарды белгіледі?

ІІІ-топ: “Кіші Қазан” саясатына қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткерлері, және олардың талабы?

ІІ кезең. «Көкпар» (слайдтағы әр ұяшық санын таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп, әр топ ұпай жинау)

Кеңестер-20

“ Кіші Қазан” идеясының авторы: (Голощекин)

Кеңестер-30

Ф. Голощекин қай қай жылдары өлкеде басшылық етті? (1925-1933жж)

Кеңестер-40

1927 жылы қарашада өткен ҮІ Бүкілқазақстандық партия конференциясында қазақ байларын күштеп тәркілеу туралы шешім қанша айдан кейін бекітілді? ( 9-ай)

«Шаруалар» - 20

Ауылдарға “Кіші Қазан” саясатын жүргізу үшін қанша уәкіл жіберілді? (4812)

«Шаруалар» - 30

Кулак дегеніміз кім? (ауқатты шаруалар)

«Шаруалар» - 40

Тәркілеу науқаны нәтижесінде кедейлерге берілген мал саны? (145 мың бас)

«Зиялылыр» - 20

Ф.И. Голощекиннің шын аты кім?  (Шая  Ицкович)

«Зиялылыр» - 30

“Бесеудің хатын” жолдаған бесеу кімдер?   (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатаулин,  М.Дәулетқалиев,  Е.Алтынбеков,  Қ.Қуанышевтар)

«Зиялылыр» - 40

1933 жылы науырызында Сталинге хат жолдаған қоғам қайраткері  (Т.Рысқулов)

ІІІ-кезең  Сен білесіңбе?  Ой қозғау

 (Қазақстандағы ауылшаруашылығын ұжымдастыру)

Бейне  ролик көре отырып, оқулықпен салыстырып, мәтінмен жұмыс  жасау

ІҮ-кезең   Денгейлік тапсырма

І-топ:    жеке жұмыс                 

  Дата  мен  оқиға  (Сәйкестендіру )

1927 жыл                                                  Шаруалар толқулары

1929 жыл                                                  Ашаршылық

1929-1931 жылдар                                    Ұжымдастыруды аяқтау

1930-1932 жылдар                                    МТС құрылуы

1932 жыл                                                 Ұжымдастыру шешімі қабылданды

1932 жыл көктем                                       «Бесеудің хаты»

ІІ-топ:  топтық  жұмыс

Қазақстанда ұлы нәубет неге болды? Постер қорғау

ІІІ-топ:  жұптық  жұмыс   Тұжырым

                                       Сұрақтар

Дұрыс

Бұрыс

1. Ұжымдастыру Компартияның 15 сьезінде қабылданды.

+

 

2. Ұжымдастыру алдын-ала даярлықпен, жергілікті жағдай ескеріліп жүргізілді.

 

-

3. Голошекин жүргізген ұжымдастыру саясатын қазақ интелегенция түгел қолдады.

 

-

4 .Республиканың 6,2 млн. тұрғынының 2,1 млн. аштықтан қырылды.

+

 

5. Ұжымдастыру астықты ауданда артель түрінде, мал шаруашылықты ауданда жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі түрінде құру көзделді.

+

 

6. Ұжымдастыру саясатын шаруалар қуана-қуана қабылдады.

 

-

Ү-кезең: Ащшы шындық (алдын ала берілген тапсырма)

Мысалы: (Ұжымдастыру саясаты саладарынан қазақ жеріндегі аштық салдарынан болған шынайы оқиғаны бейнелеу)

ҮІ- кезең: Қорытынды тест

Тест        

1.Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, К.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды

а) Сталинге   в) Голощекинге   с) Кагановичке    д) Молотовқа   е) Ленинге.

2. Қазақстанда  ұжымдастыру саясаты кезеңі:

а) 9         в)3        с) 4         д) 2      е)5

3. Астыққпен етті жасырды деген айыппен құғынға ұшыраған қазақ саны:

а)  33 мың   в) 44 млн     с) 6 мың     д) 0,7 млн    е) 0,8 млн.

4. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:

а) 40,5 млн мал басы      в) 45 млн мал басы     с) 28 млн мал басы 

д)4,5 млн мал басы        е)35,5 млн мал болды

5. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы не бары:

а) 40,5 млн    в) 5 млн   с) 40,5 млн      д) 4,5 млні      е) 25 млн мал қалған еді.

6.  “Ұлы жұт” қасіреті болған жыл:

а) 1934-1936 жж         в) 1933-1934 жж       с) 1932-1933  жж      д) 1932-1935  жж 

7.  “Ауылды кеңестендіру”  ұранымен саяси идеяны  жасаған тұлға

А) Сталин   в)  ІІ-Николай    с) Голщекин    д) Ленин  

8. 1930-32 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері:

а) 50%     в) 45%     с) 40%     д) 30%    е) 35%.

Жауабы:

1 - в, 2 - с, 3 - а, 4 - а, 5 - д, 6 - с, 7 - с, 8 - с.             

«8 - 7», 5

“5 - 6”, 4

“1 - 3”, 3

Оқушыларды бағалау парағы

Мұғалім: Елбасының мына түйін сөзімен сабақты аяқтаймыз

31 мамыр 2012 жыл, Астана қаласы

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «1931 - 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінен: « Бұл - біріншіден, ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата - бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағзым.

Үйге  тапсырма

 “Ұлы жұт қасіреті “ эссе жазу

- Термин сөз

- Есімдермен жұмыс жасау

- Тақырыптық тест тапсырмаларын орындау.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер