Өлең, жыр, ақындар

М.Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау

Қаражұманова Ақық Нәбиқызы

Мамлют қазақ мектеп-интернаты

Мамлют ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: «М.Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау»

Мақсаты: Ақын өлеңі арқылы қазіргі жастарға ескінің көзі - шолпының маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін,қазіргі заман жастарына маңыздылығы             Дамытушылық : .Өлеңді талдау, мағынасын анықтап зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Тәрбиелік: Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау және пиза стратегиялары

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, өлеңдер жинақтары.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

 

Сабақтың эпиграфы:

“Шолпының  қасиеті, қазіргі заман жастарына берер тәрбиесі қандай?”

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты үш топқа бөлу, сабақтың ерекшелігіне қарай « Әдебиеттанушылар», «Дизайнерлер», «Қоғамтанушылар»

«Миға шабуыл»  стратегиясы баяндау әдісі арқылы қызығушылық ояту.

Бірінші топ:

Жанр мен тегін, стилін анықтайды.

Екінші топ: 

Осындай бұйымды насихаттау, жаңа үлгісі.

Үшініші топ:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады.

              

  1. Жаңа сабақ
  1. Мұғалімнің сөзі: Қазағым «Тәрбие - тал бесіктен» демекші, қыз баланың тәрбиесі бірінші орында екені мәлім. Қазіргі жастар ұлттық құндылықтарымызды біле қоймайды. Сондықтан Мағжанның «шолпы» өлеңін оқи отыра, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім.
  2. Салыстыра талдау жинақтау.

Кезеңдері:

  1. Өлеңдегі ақын идеясы
  2. Шолпы таққан қыздар мен тақпаған қыздар
  3. «Шолпы» туралы ақын неге өлең шығарған?
  4. Өлеңнен «шолпының» суреттеуін тауып оқы?
  5. Елес. Ақынға хат жазу.
  6. Шолпы бұйымының қолданысы?

 

  1. Абайды философ ақын
    Мағжанды лирик ақын дейміз.
    Абай ақылдың ақыны да,
    Мағжан сезімнің ақыны.
                                         (С. Мұқанов)

кең мағынасындағы әдеби дәстүр жалғастығын ескеруде.

Дыбыстық бейнелеу жасайды. Көлемді прозалық шығармада қыздың мінезін, іс-әрекетін, бейнелеген.

А.Құнанбаевтың «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде Абай қыздың бұрымына сән беретін сыңғырлаған шолпы екенін тап басып, дәл көрсеткен. Ақын Тоғжанның портретін бейнелегенде, оның шолпысының сылдыры жүрегін толқытқанын жазады.

  1.  «Шолпы» өлеңінің сатылай кешенді талдауы:

1 .Авторы: М.Жұмабаев.

2.Тақырып: Махаббат лирикасында жазылған ақынның іңкәрлік сезімі.

3.Жанр түрі: өлең.

4. Идеясы: Ақынның сезімі, сол арқылы қазақ қызының шолпысының сыңғыры әлі күнге дейінге сақталып қалса ғой деген үміті.

5. Бұл өлең – 5 шумақты.

6. Өлеңде 20 тармақ

7. Бунақ саны 3-4.

8. Өлең аралас буынды.

          9. Ұйқас түрі: өлеңде 4 шумағы қара өлең ұйқасына құрылған (а-а-б-а) , 5 шумақ шұбыртпалы ұйқас. (а-а-а-а)

10. Әдеби теориялық ұғымдар. Қайталау: Сылдыр,  сылдыр сөздері , Символ: қанымды қайнатты, өзекті өртеді, жүректі  жандырды,  Аллитерация  бар.

11. Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің іңкәр сезімін білдіріп, шолпы арқылы қазақ қыздарының әдебі жақсаруы, қазақшылыққа шақыруы байқалады.

  1. Венн диаграммасын жасау, анализ барысында анықтау. Әр топ өз тақырыбына қарай толтырады.

Күшті жақтары

           Мағжан Жұмабаев «Шолпы» атты өлеңінде адамға тән ұлы сезімді түсінуге шақырады;

           Өлеңде қазақ қызының бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпының дыбысына көңіл бөліп, таза шынайы суреттеуі байқалады;

           Ескінің көзін жаңарту мақсатымен, қыз баланың тәрбиесін жоғары ұстау көзделеді

Әлсіз жақтары

           Қазіргі қыздар шолпы бұйымы туралы білмейді

            Қазіргі қыздардың  тәрбие мәселесі төмен деңгейде болып тұр

Төнетін қауіп

           Қазіргі жастар ұлттық рухани құндылығымызды ұмытып қалуы мүмкін

             Қыз балалардың тәрбиесінің деңгейі түсіп қалып, өзгеруі мүмкін

Шешу жолдары

           Әрқашан ұлттық рухани құндылығымызды айтып, еске түсіріп, жастардың білуін қадағалау керек

           Тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, көп мән беру керек .

Рефлексия.

Қорытынды жасау. Инсерт кестесі

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

Әр топ бір-біріне смайликтар сыйлайды, стикерлермен құрбыларын бағалайды.

Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша  эссе жазу.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз