Өлең, жыр, ақындар

SOS!

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1893
Естисің бе Таяу Шығыс солқылын?!
Есер дауыл суырады жол құмын.
Sos! Sos!— дейді Палестина күндіз-түн,
Тыңдасаң да ауаның қай толқынын.
Қасіретке бермей тұрып қостарды,
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар SOSтарды!
Оятыңдар ағайынды жанашыр,
Оятыңдар бауырларды,
Достарды!
Неге қаштың?
Қашсаң егер қоянсың!
Бетін сенің қара күйе боянсын!
Бас көтерсін елге деген сезімің,
Жерге деген махаббатың оянсын!
Сап-сары боп күйік шалған өсімдік
Шығарады,
Шығарады есіңді.
Жер бетінде адам саны көбейіп,
Адамдықтың азайғаны не сұмдық!
Бір адамды екінші адам атқанда
Ішкен асың бойыңа, дос, батқан ба?!
Көзің қалай ілінеді —
Жан емес —
Халық құрып,
Ұлттар құрып жатқанда?!
Есіттің бе зарын жетім ботаның?
Ол дауысты жеткізе алмас от-әнім.
Не масқара!—
Мүлік емес,
Мал емес —
Бір халықтың тартып алу Отанын!
Айына ай,
Жыл үстіне қосып жыл,
Зарлайды олар,
Зардан туып тосын жыр.
Үлкенде үй,
Сәбилерде бесік жоқ,
Палестина арабтары босып жүр!
Бір болғаннан емес дінім,
Құраным.
Бөлек менің аспаным һәм қыраным.
Бірақ, бірақ
Палестина үшін мен
Планета қоңырауын ұрамын!
Адамбысың?
Адам болсаң қосылдың.
Жақсылардың алам бәрін досым ғып,
Ошақ емес,
Отын емес,
Су емес —
Отаныңды тартып алу не сұмдық?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 0
  • 0

Түніменен ауырды
Түбі босап тістерім.
Тауыстым бар сабырды,
Білмеді апам не істерін.

Толық

Теңіз

  • 0
  • 0

Көкжиекте көгілдір мұнар-сағым аунайды.
Тегіс теңіз теп-тегіс кең даламнан аумайды.
Телегей ме, жазық па?—Шатыстырып аламын.
Ақ кемесі теңіздің — ақ түйесі даланың.

Толық

Арман

  • 0
  • 0

Жеңешемнің баяғы
Жаратпаймын тарлығын.
Шкафқа сап қояды
Қант-секердің барлығын.

Толық

Қарап көріңіз