Өлең, жыр, ақындар

Қолжазба өртеу

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1297
Бұл ақиқат —
Шаруам жоқ ертегіңде,
Мен бір повесть жазған ем ерте күнде:
Сақтап-сақтап келдім де.
Қолжазбасын
Ақырында жібердім өртедім де.
Енді қайтем?!
Сақал мен шаш ағарып,
Ақырғы күн мені де тосар әлі.
Архивімді ақтарып,
Хикаямды
Мұрасы деп әдеби басары анық.
Топтан озған үзіліп,
Дараланып,
Ақыныңа сонда бір қара, халық!
Ойнап жазған повесті он екімде
Оқығанның көңілі қалары анық.
Абыройым кетсе егер ерте менің,
Ақын болып несіне тер төгемін?!
Жазғанымның барлығын жинай бермей,
Жоқ, бауырым,
Жөн болды өртегенім!
Мен қате деп білмеймін жаңағымды.
(Жаңа жырмен қарсы алам жаңа күнді)
Көзім тірі кез түгіл,
Халқым менің
Өлген соң да көрмесін жаманымды!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұршақ ұрып кете алмас жыр-егінді

  • 0
  • 0

Бұршақ ұрып кете алмас жыр-егінді.
Жырдың рухы қорғаштап жүр елімді.
Жойқын тірлік толқыны
Жар соққандай

Толық

Кенгуру

  • 0
  • 0

Қашанда оның баласы
Бауырынан табылар;
Қарынында қалтасы,
Қалта емес-ау,

Толық

Құм

  • 0
  • 0

Қаталдық пен сараңдық. —
Құмның ата мінезі.
Көрсеткеннен қараңды,
Қасарады ол өзі.

Толық

Қарап көріңіз