Өлең, жыр, ақындар

Әкешім

Асқар тауым әкешім бар сенімім,
Анашымның Алла қосқан серігі.
Тек өзіңнің арқаларың егерде,
Ұл қызыңның биік болса жігері.
Алла қолдап жасың жүзге жетсінші.
Ауырмашы мәңгі гүлдеп көктеші.
Жүзің жарық болып мәңгі әкешім,
Ұрпақтарың ғасырларға өтсінші.
60жасқа келген бүгін күніңіз,
Аман есен алдымызда жүріңіз.
Бал бұл жайнап немереге ата боп.
Өмір сүріп,шын жүректен күліңіз.
Бақытына аман болып баланың,
Ата менен әже болып саналы.
Қолын ұстап келе жатыр екенсіз,
Әлемде жоқ менің алтын анамның.
Не бір қиындықта жасымай,
Басқа бақыт келсе егер тасымай.
Ала жібін аттама деп өзгенің,
Бізге ақыл беретұғын жаным-ай.
Өтірікті айтпауғада үйреттің,
Жамандықтан әрқашанда жиреттің.
Білім алып саналы бол деп бізді,
Мына өмірдің қатал заңын үйреттің.
Қатал болдың беріп бізге тәрбие,
Адал болу ол кезекті іс қой әрине.
Бүкіл әлем қарсы бізге тұрсада,
Әке деген қорғаштайды жан түйе.






Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз