Өлең, жыр, ақындар

Ғабит Мүсіреповке

  • 01.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2286
Жыл сана,
Жырлар сана,
Парақ сана...
Өнерде жүрмей жатып бар ақсаған.
Шіркін-ай!
Сылтыр кезде сылтымаған
Мен өзім таң қаламын қарап саған!
Жүректі жетпісте де қартайтпаған,
Көңілді сексенде де ортайтпаған.
Дәл айтқан,
Сәтінде айтқан бар айтарын:
Бір минут кеш айтпаған,
Ерте айтпаған.
Сүрінбей ақ пырағы парасаттың,
Кей кезде жалғыз шаптың,
Дара шаптың.
Сен өттің басқа өтпеген қыл көпірден,
Сау қайттың майданынан ғарасаттың.
Өнерде болған кезде жұрт ақ табан
Талай ер жалтақтаған,
Бұлтақтаған.
Арынды арғымақтар ағып келіп,
Басында жар қабақтың кілт тоқтаған.
Біреулер сондай кезде кеткен ұшып...
Жел сөзден жылдардың да кепкен іші.
Шырмалып шідеріне шырғалаңның,
Шыдамай шер шарабын кеткен ішіп.
Қалдырып көлеңкеде,
Артта бізді,
Біреулер серт те бұзды,
Ант та бұзды.
Сен бірақ шындық дәмін жоғалтпадың,
Берсе де талай қосып қантқа тұзды.
Өнерің — өмірдегі басты ісіңдей,
Қалған жоқ қарт түсінбей,
Жас түсінбей.
Отырсың енді орныңда
Ең бір сәтті
Өзіңе орнатылған хас мүсіндей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абдулхамид екіншінің жарлығы

  • 0
  • 0

Туды-өлді
Туды-өлді ұл тағы.
Түнек тірлік.
Атпай қойды құл таңы.

Толық

Елу

  • 0
  • 0

Дұрыс көрдім
Келуді
Қарсы жүзіп тасқынға.
Ауылы бар елудің

Толық

Қыс

  • 0
  • 0

Көктемде әнші құстар кеп қонатын,
Колхоздың айналасы бақ болатын.
Конақ қыс ала келіп базарлығын
Кигізді ұлпа қардан ақ халатын.

Толық

Қарап көріңіз