Өлең, жыр, ақындар

О, тіршілік

  • 01.05.2019
  • 0
  • 1
  • 5027
О, тіршілік!
Мен үшін қиындама.
Қиналады балам деп үйімде ана.
Теңге де емес,
Сом да емес,
Маған кейде
Жетпейтіні болымсыз тиын ғана.
Даусыменен жетсе де мұратқа әнші,
Жігер деген керек қой бірақ қамшы.
Теңіз де емес,
Көл де емес,
Мына маған
Жетпейтіні кей кезде — бір-ақ тамшы!
Ақын досым!
Шынын айт!
Сыр сақтама!
Сөйлеп жату керек жыр құрсақта да!
Апта да емес,
Ай да емес,
Маған кейде
Жетпейтіні — қас қағым,
Бір сәт қана!
Мәпелеп-ақ өсірді халықтана,
Халықтана перзенттен жалыға ма?
Метр болса бір сәрі,
Кейде маған
Жетпейтіні — бір сүйем, елі ғана!
Қайғы менен қуаныш — егіз бала,
Өмір сүрем осыны негізге ала.
Сыйлық емес,
Жүлде емес,
Мына маған
Жетпейтіні — бір жылы лебіз ғана!
Бір кездегі балапан талапкер ше
Көңілімнің мұқтажын санап көрсе,
Кіші де емес,
Зор да емес,
Көп те емес,
Маған жетпей тұрады сәл-ақ нәрсе!



Пікірлер (1)

айсауле

өте керемет бір оқып рахаттанып қалдым

Пікір қалдырыңыз

Тілдің туы

  • 0
  • 0

Тілсіз келген білімнің
Түбі нағыз қиғылық.
Кесегесін тілімнің
Көтеремін ту қылып.

Толық

Қырымда кездескен қазақтар

  • 0
  • 0

Қырым жұрттың барлығына төр бөліп,
Күн күлімдеп,
Теңіз жатты тербеліп.
Бір жасады,

Толық

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы

  • 0
  • 0

Тұлпар түгіл, кей кезде тоқтың қайғы,
Тоқтау айтып балаға жақ тынбайды,
Әкесінен гөрі де
Әумесерлер

Толық

Қарап көріңіз