Өлең, жыр, ақындар

Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан

  • 23.04.2015
  • 1
  • 6
  • 45686
Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан,
Су тартылған теңізден, жылғалардан,
Нелер ұрпақ аттанған қуған арман,
He бар дейсің, өмірге тұлға болған
He келіп, не кетпеген бұл ғаламнан.
Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Өтеді ғой...
Өтеді барлығы да,
Күн арқылы кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына;
Таң нұрына, адамның тағдырына
Менің жаным ашиды өткендерге,
Жаңа ғана өмірге жеткендерге
Ұран жазып аспанға қойсам ба екен,
Енді сендер өмірден өтпендер деп.
Бәрі өтуде
Күн батып, кеш кіруде,
Жаңаруда дүние, ескіруде
Болашақтан - бейтаныс, ұрпағымыз,
Босат деп тұр орнымды,
Естідің бе?!



Пікірлер (6)

айгерим сердалиева

керемет олен

Индира

Өтеді ғой... Өтеді барлығы да!

Айдос

Жаксы олен бирак Абайдыкы куштирек

Пиржанова Айсұлтан

Мен Мұқағалидің өлеңдерін жақсы көремін.Мен Мұқағалидің өлеңдерін сөйіп тыңдаймын.

А

Осы өлеңі қатты онат барғо♡♡♡

Аяла

Сағат туралы

Пікір қалдырыңыз

Әке аманаты

  • 1
  • 8

Аттанарда алыс жолға,
Тапсырды әкем аманатын.
Серт етіп мен де алдым қолға,
Әкемнің берген «асыл затын»

Толық

Аңсап жүріп, кездестік

  • 1
  • 1

Сәкен тойына
Өзің бе?..
Өзің ғажапсың!
От кешкен алғаш азатсың.

Толық

Дейтін еді қарт ақын

  • 1
  • 2

«Қырғи жолдас бола алмайды кептермен,
Себебі ол кептер етін жеп көрген.
Қой қоралас бола алмайды қасқырмен,
Қасқырдан ол көресіні көп көрген.

Толық

Қарап көріңіз