Өлең, жыр, ақындар

Неге жыламасын?!

  • 23.04.2015
  • 1
  • 1
  • 30255
Неге жыламасын?!
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр.
Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер.
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.
Боздақтарын аттандырған шақтарда,
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да.
...Бір орманның бір түп өндір шыбығын
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба.
- Ал енді сен азаматсың! - деп маған,
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайрылмас па екен деп,
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам.
Қайрылмады.
Олар ұзап барады.
Ән естілді.
Әлдиледі даланы.
Қарап тұрмын.
Құйын болып ағады
Қара жолмен
Көршіміздің Жанары.
(Талай рет хат апарып бергем-ді)
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді.
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді,
Қайсар қыздың қылығына ел көнді.
Қайран аға!..
Қайсар жанды таңдапты.
Қарсы ұшты.
Жұрт күрсінді салмақты.
Екеуінің араларын шаң жапты,
Екеуінің ортасында жау жатты.



Пікірлер (1)

Фариза

Мұқағали Мақатаевтың Неге жыламасын?! өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Музаға

  • 1
  • 4

Отырғанын қарашы күйім келмей,
Қайда кеттің?
О, Муза! Құйын желдей.
Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,

Толық

Күзетші

  • 0
  • 1

Сәлем бере бара қалсам Мұрата,-
Тыныштық деп алдымен сұратпа.
- Тыныштық па, тыныштық па, балалар?
Деп отырар қысы-жазы иықта.

Толық

Асығып алыс күндерге

  • 1
  • 3

Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,

Толық

Қарап көріңіз