Несіне өмір сүргенсің

  • admin
  • 23.04.2015
  • 1
  • 3
  • 9495
«Сұраушының сүйген асын кім берер»
Барға - ырза,
Жоққа - сабыр, күн көрер.
Өкінемін, өшігемін несіне,
Тірі жүрсем, маған кезек бір келер.
Осылай деп ойламағам басында,
Мәз болыппын біреу шашқан шашуға.
Қашан көрем, көрмегенді жасымда?!
Өмір деген осы екен-ау расында.
Тіршілікте не істеседі кім кімге,
Тек өмірім өтпесе екен шерменде.
He жыны бар?!
Бақыт мені көргенде,
Кетеді үркіп, енді жете бергенде.
Түсінбеймін не пәлемнің барлығын,
Қайран басым, қаңғыдың-ау, қаңғыдың
Менің де бір болар шағым болды ғой,
Қайда әкетіп барасың сен, тағдырым?!
«Сұраушының сүйген асын кім берсін»
Барға - ырза,
Жоққа - сабыр, күн көрсін.
...Ей, бауырым!
Өз дәрежең болмаса,
Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің!?


Басқа да өлеңдері

Көрмеймін...

  • 1
  • 1

- Көрмеймін! - дейсің,
Көрмесең, мейлің, көрмегін!
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің,

Толық

Түйсік

  • 1
  • 1

Киген киім, асқа ырза күндегі ішкен,
Жалықтым-ау, осы бір күн көрістен.
Үмітім де үзіліп бара жатыр,
Мына құрғыр мандышай жүрген істен.

Толық

Жұмбақ

  • 1
  • 4

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Пікірлер (3)

Балжан

Мұқағали мақатаевтың осындай өлеңдерін ерекше жақсы көремін

Нұрлыбеков Мақсат

Өте керемет өлеңдер

Камалxанов Оразәлі

Адамға руx беретін,нәр беретін өте керемет өлең (Өз дәрежең болмаса
Бұл жалғанда несіне өмір сүргенсің!?)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)