Өлең, жыр, ақындар

Тау ішінде

  • 04.05.2019
  • 0
  • 12
  • 70426
Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.

Қайырмасы:
Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен,
Ауаның жазғы жұпарын.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқынды мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.

Қайырмасы:
Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны,
Дыңылдап қалқып баяулай.
Ә-әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Әні мен сөзі: Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938)

Толық нұсқасы:

Мен келем тау ішінде түнделетіп,
Аймақты күңірентіп өлеңдетіп,
Астымда ақ боз атым сылаң қағып,
Жалтақтатып құлақтарын елеңдетіп.

Ақ боз ат менің тұлпарым,
Шалқыған көңіл сұңқарым.
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын.

Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Ән салдым есіп майда жаяулатып,
Ырғалтып, шырқап, толғап, баяулатып.
Толқындай мың құбылған әнімді естіп,
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып.

Ақ боз атым қояндай,
Еркелеп басар аяңдай.
Тербеді даусым ауаны
Дыңылдап қалқып баяулай.

Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Ұйқыға әнімді естіп берілмессің,
Маужырап төсегіңде керілмессің.
Ақырын үйден шығып уәделі
Жеріңе келуге сен ерінбессің.

Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.

Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Торғындай перде болар түнгі мұнар,
Ерніңнен ішкен балға қанбас құмар.
Құшақтап қанша сүйсең келген сайын,
Шалқыған шіркін көңіл емес тынар.

Ақ боз ат қарар елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.

Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.

Торғындай перде болар түнгі мұнар,
Ерніңнен ішкен балға қанбас құмар.
Құшақтап қанша сүйсең келген сайын,
Шалқыған шіркін көңіл емес тынар.

Ақ боз ат қарақ елеңдеп,
Үйіңнен шығып көлеңдеп,
Асығып келсең мөлдіреп,
Бүркенген шапан желеңдеп.

Әй, сүмбіл шаш,
Тәтті сөзің,
Қара көзің,
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің.



Пікірлер (12)

Ғалым профессор

Керемет

неизвестный

өте керемет әрине

Аида

Сәкен Сефулиннің өлеңдері маған ұнады.

Myrza

Өте керемет

Жасмин

Өте мағыналы сөз екен

Нұрхан

маған Сәкен Сейфуллиннің тау ішінде өлеңі ұнадыма.

Бекзат

Сәкен Сейфуллиннің Тау ішінде өлеңі маған ұнады

Жансая

Ары карай жокпа неге катеееее????????????????????????

Еркеназ

Несі дұрыс емес? әп әдемі бәрі дұрыс!

Саят

Жақсы екен бірақ жалғасы жоқпа ????

Жансая

Қатеееееее

Дариға

Админдерге рахмет толықтырып, толық нұсқасын қосқандары үшін!!!

Пікір қалдырыңыз

Күзетші иттер

  • 0
  • 0

Біздің ауыл жиналды
Қой сойып, ет жеп тоюға.
Жиналған соң кеңесті
Қотанға күзет қоюға.

Толық

Қырғыз Алатауында

  • 0
  • 0

Алатау — айбатты әсем сұлу тұлға,
Шомылған күміс су мен гәуһар нұрға,
Аққан су күміс төстен төмен құлап,
Сумаңдап ән қосады жылға-жылға.

Толық

Бір . . . . яш

  • 0
  • 0

Қазаққа, татарға
«Таң» болып атарға,
«Т-р-р» ұштым, «тырыстым»
Кіруге қатарға.

Толық

Қарап көріңіз