Өлең, жыр, ақындар

Аңшының әні

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4743
Ахау,
Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы,
Жігіттің бұған құмар өнерпазы.
Күлім көз, оймақ ауыз бір сұлуды,
Тағы да алсаң тауып айдын көлдің қоңыр қазы.
Бір қызық, ит жүгіртіп аң ауласа,
Мінген ат шабуылмен танауласа.

Қарғылы тұрса тазың сылдыр тағып,
Керіліп бір сілкінсе дүр-дүр қағып.
Жылқышы жылқыдағы жараулы жатты,
Бүгілтіп жетегінде жетсе алып.
Итті алып, аңға шықса, құсты біреу,
Еріне алтын балдақ етіп тіреу.
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
Па, шіркін, болсын деген бұл бір тілеу!

Күн ұзақ түлкі қуып, тауды айналып,
Кеш болып, қараңғыда көз байланып.
Олжаны қараңғыға байлай салып,
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желіккен сол көңілмен қайтқанда елге,
Мінген ат, қырауытып, батса терге.
Өлеңші, домбырашы қасында боп,
Кез болсаң қоналқада бұраң белге.

Самаурын ақ шәйнекпен тұрса қайнап,
Отырса бір сұлу қыз көзі жайнап.
Сол күні қыз әкесі үйде жоқ боп,
Отырса әзілдесіп, күліп-ойнап.
Ол қызға бір жеңгесі қастау келсе,
Шешесі желөкпелеу жастау келсе.
Қу жігіт кездігімен түлкі сойып,
Әзілмен қалжың сөзін бастай берсе,
Сол жігіт бастай берсе әзіл сөзін,
Қараса қызға қадап, жігіт көзін.
Қиыннан қиыстырып сылтау таппай,
Отырса мырза ұнатып істің тезін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Боз жорға

  • 0
  • 0

Боз жорға жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ,
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ат ұстап, қарсы алатын бұраң бел жоқ.

Толық

Ағаны жоқтау

  • 0
  • 1

Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.

Толық

Қоғажай

  • 0
  • 0

Бозбалаға ылайық ойнап-күлмек-ай,
Үйлесімді заманның жөнін білмек-ау.
Қоғажай,
Осынау әнім жанға жай.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер