Өлең, жыр, ақындар

Ау, Ғайша

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1297
Айналайын, ау, Ғайша,
Өкпем деймін, өкпем деймін.
Жаман атың естілсе,
Өкпелеймін, ау, Ғайша,
Арадағы жел сөзбен кетсең алыс, кетсең алыс,
Менің ашуым басылмас,
Көпке дейін, ау, Ғайша.

[Қайырмасы]
Ал, ау, Ғайша, өзіңнен,
Жалт-жұлт еткен көзіңнен.
Кім қуанып, кім сүймес,
Жалғыз ауыз сөзіңнен.

Айналайын, ау, Ғайша,
Қалқам едің, қалқам едің,
Көпшіліктің ішінен таңдап едім, ау, Ғайша.
Өзің білші, сәулем-ау, ренжісең,
Аулың дария, көл ғой деп,
Ойлап едім, ау, Ғайша.

[Қайырмасы]
Ал, ау, Ғайша, өзіңнен,
Жалт-жұлт еткен көзіңнен.
Кім қуанып, кім сүймес,
Жалғыз ауыз сөзіңнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ал қаракөз

  • 0
  • 0

Барады аулым көшіп сарымсаққа-ай,
Шыбын жан шықпайды екен сағынсақ та-ай.
Келмеді қыста хабар, жазда хабар-ай,
Сарғайып елесіңе табынсақ та-ай.

Толық

Топай көк

  • 0
  • 0

Көкшетау, Баянауыл жер науаны,
Елінен көктей гүлдеп шығады әні.
Баурында Көкшетаудың көкке шалқып,
Толғанып шарықтайтын салған әні.

Толық

Қуатжан

  • 0
  • 0

Жақсының өзі жалғыз, ақылы егіз,
Дос екеу болған күнде, дұшпан сегіз,
Қуатжан!
Осындай қатар құрбым кез келгенде,

Толық

Қарап көріңіз