Өлең, жыр, ақындар

Бекзатым

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2664
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртымнан аулымның өттің, кеттің,
Үкісін тақияңның бермей кеттің.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ерторыны екі келінінің жоқтауы

  • 0
  • 0

Аузыңа сусын бере алмай,
Басыңа жастық қоя алмай,
Ақ дидарың көре алмай,
Қапыда кеткен дүние-ай!

Толық

Қарқаралы

  • 0
  • 0

Ау!
Қарқаралы басында түсер сағым,
Сағынғанда қайда едің, ай,
Сағынғанда қайда едің, сәуле жаным.

Толық

Жылқышы қыз

  • 0
  • 0

Сүйген қызым жылқышы, аты Жібек,
Ойлай-ойлай сол қызды кеттім жүдеп.
Көргенімше Жібекті тыным таппай,
Мазасынан айырылды қайран жүрек.

Толық

Қарап көріңіз