Өлең, жыр, ақындар

Реніш

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 2
  • 4
  • 47175
Әй, балам-ай!
Шамалы-ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін, кісілігің...
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені,
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам-ай, шамалы-ау түсінігің!..
...Жоқ, балақай!
Мен сендей боп өспедім!
Мына мінез - мінезім емес менің.
Адамдардан рахым алу үшін,
He көрмедім, өмірде не кешпедім?!
Аяры жоқ адуын жауыздықтан,
Алып шықтым арымды тамыздықтан.
Амалым не, жастықтың кер тұлпарын,
Тасқа қамап тастадым ауыздықтап.
Қиып түсер, қыршын ем, алмасы көп,
Қидым бәрін сен өксіп қалмасын деп.
Мінезің-ай, балам-ай, мінезің-ай!
Кетпегей-ді мерт етіп, жарға сүйреп...



Пікірлер (4)

тоқтаргүл

мағанbilim.all. сайты ұнайды

Елдана Таубек

өте керемет

Али

Мұқағали Мақатаевтың Реніш атты өлеңі қатты ұнады

Али

Тек осы өлеңді жаттауда айтамынгой

Пікір қалдырыңыз

Түс

  • 0
  • 2

Қара жолмен келе жатып,
Кездестім ескі досыма.
Сөз айтпақ боп аз тоқтатып,
Ентіге жеттім қасына.

Толық

Баспа, мұнар!

  • 1
  • 2

Арылмасын аппақ нұр бастарынан,
Шашпа ызғар,
Күнімді баспа, мұнар!
Кетпе, шуақ,

Толық

Ақынға

  • 1
  • 8

Біз деген, досым,
Тағдыры қызық халықпыз.
Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз.
Екінің бірі бармайтын жерге барып біз,

Толық

Қарап көріңіз