Өлең, жыр, ақындар

Бірге жүрген таныс-ай

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2195
Бос қопаның құрағы-ай,
Жанып тұрған шырағы-ай.
Елден алыс барамыз-ай,
Қай жер мекен тұрағы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қара мекен туған жер,
Күнде думан болған ел.
Туған жерден дәм айдап,
Кетті-ау алыс біздің ел.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Бос қопаның қамыс-ай,
Әттең, жердің алысы-ай.
Көзге ыстық көрінер,
Бірге жүрген таныс-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.

Қаракердің шабысы-ай,
Аяғының шалысы-ай.
Барар едім сан рет,
Әттең, жердің алысы-ай.

Шөбі шүйгін марқаның,
Әуселеңді байқармын.
Исі жұпар аңқиды-ай,
Камзол киген қалқаның.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келіннің жоқтауы

  • 0
  • 0

Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.

Толық

Өтірік өлең

  • 0
  • 0

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Толық

Есентай

  • 0
  • 0

Қолында қыз баланың атын балдақ,
Дарияға түсе қалдым атым жалдап.
Алыстан асаукермен келгеніңде,
Алдыңнан еркең шықсын бипалаңдап.

Толық

Қарап көріңіз