Өлең, жыр, ақындар

Қарағым-ай

  • 11.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2502
Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайды жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.

Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,
Білінбей ме досыңа еткен ісің.

Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғазиза

  • 0
  • 1

Алманың қол сермедім ағашына,
Көз жетіп, алтын, гауһар, Ғазиза-ау,
Қалқа-ай, бағасына-ай!
Асыл деп арғымаққа қол артып ем,

Толық

Ахау, Семей (1-нұсқа)

  • 0
  • 0

Базардан алып келген кәрлен аяқ,
Қалқатай, шәй құйып бер бәлденбей-ақ, ах-уай.
Бір сөзді әзілмен айта салдым,
Қоя ғой, ұнатпасаң, қинамай-ақ, ах-уай.

Толық

Әләлім

  • 0
  • 0

Шын күміс шыны-аяғың, тәрелке алтын,
Алтын да алтын, әләлім-ай,
Ойнап жүрген құрбымен болма салқын-ай,
Әләлім-ай.

Толық

Қарап көріңіз