Өлең, жыр, ақындар

Сен жастықтың сақшысы

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 2
  • 15500
«Лениншіл жасқа»
Сен алғы шерудесің,
Өмірдесің
Еліңнің көгіндейсің.
Таң атқанда қазақтың жастарына,
Таң жұлдызы Шолпан боп көрінгенсің.
Ақ отауы іспеттес ақ жандардың,
Арнасы - сен тоғысқан адамдардың.
Қалам алған қолымның мектебі - сен,
Кешегі жас -
Бүгінгі тарландардың.
Иә, сеи мектебісің, мектебісің!
Талайдың сенен түлеп кеткені шын.
Қариялар құмартып сені алады,
Біржола қартайып кетпеу үшін.
Жастар қазір сүңгіден сез жоиады,
Сенсің бүгін әр үйдің өз қонағы.
Басымырақ кетсең сен, батылырақ.
Басын шайқап кәрия мәз болады,
Жастығы кеп, жаиына жаз қонады...
Сені көрдім, жұртымның алқасынан,
Алтайынан елімнің Арқасынан -
Дәрігердің, шопанның қалтасынан,
Қонышынан шофердің дән тасыған.
Маңғыстауда, мұнара қалқасынан.
Сені көрдім, биік тау жайлауынан
Жезқазғанның жер асты жартасынан,
Жатыр оқып пляжда шалқасынан.
Қайда барсам, қадірлім, сені көрем,
Жеріменен үндескен еліменен.
Жастық көрем, сырласқан сеніменен,
Жалын алып, жылытып келген де сен,
Қырау қалмас қабақта ерімеген
Отыр, жастық, оңаша төріме кеп.
«Правда» атаң айтқан жалғастырып,
Отыр, менің жастығым, малдас құрып.
Өрте!
Өрте, жалыным, өртеп жібер,
Жүрсе өсекші, ел-жұртты ауластырып.
Ойландырған, түйсінткен отты лебің,
Сен - жастықтың сақшысы деп білемін!
Қадірлім.
Көп арманым, көп тілеуім,
Өзіңе тағзым етіп өтті менің..
Сен маған бағалысың, бағалысың,
Жастығымның серпілткен самалысың.
Сен - менің мынау алып партиямның
Қолыма сеніп берген жалауысың!
Ардақ тұтып есімін Лениннің,
Ауытқымай, адаспай жүре білдің.
Сен бар жерде мен бармын!
О, жастығым!
О, компасы - миым мен жүрегімнің!



Пікірлер (2)

Дариға

мен Мұқали Мақатаев өлеңдерін жақсы көремін

Али

Мұқағали Мақатаевтың Сен жастықтың сақшысы өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Аласарып Ай батқан

  • 1
  • 2

Аласарып Ай батқан,
Ай батқанда, аймаққа,
Жұлдыз шоғын жайнатқан.
Аумайды бір құс жолы,

Толық

Бөз орамал

  • 0
  • 1

— Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих,
Живописьті көзбен емес, көңілмен де танық.
Живопись — ол айғайлаған өлеңі емес ақынның,
Сыры ішінде, тілі ішінде өрнегі той ақылдың!

Толық

Пай, пай!

  • 2
  • 3

Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау!
Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау!
Қапыда қалтылдаған жаным мынау,

Толық

Қарап көріңіз