Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл құсым

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1425
Сірен тартыр сілекей шөлдегенде
Көздің жасы көл болар еңірегенде
Күндіз күлкі көрмеймін,түнде- ұйқы,
Ішкен асым батпайды сен дегенде.

Қайырмасы:
Бұлбұл құсым,
Болса болсын, дей салшы,
Құрбың үшін.

Жылқы айдаймын көшкенде жиренменнен,
Жотадағы қара жол ирендеген.
Бәлең қызық дегеннін барі жалған,
Ең қызығы өмірдің сүйгенменен.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ахау, гигай

  • 0
  • 0

Ал, қалқам, маңдайыңнан нұрлы жүзің, ай-ау,
Аямай ажарлы боп туған өзің, ахау-гигай, туған өзің-ай.
Сүйегің райхан гүлден жаратылған, ай-ау,
Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің,

Толық

Кәмшат бөрік (3 нұсқа)

  • 0
  • 0

Қалам алып хат жаздым мен қиялдап,
Бүркіт салған жүреді тау қиялап.
Жапан түзге сіз біткен бір бәйтерек,
Бұтағына жүрмесін қарға ұялап.

Толық

Ақ дастарқан жайылды

  • 0
  • 0

Ақ дастарқан жайылды,
Табақ толы ас келді.
Бізге берген асыңыз,
Көбейе берсін басыңыз.

Толық

Қарап көріңіз