Өлең, жыр, ақындар

Сен маған шарфыңды бер

  • Bain
  • 23.04.2015
  • 1
  • 2
  • 22276
Сен маған шарфыңды бер, шарфынды бер,
Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр,
Қарызыңды мың есе қайтармасам,
Шапалақпен жағымнан тартып жібер.
Сен маған шарфынды бер, шарфынды бер,
Сырдың желі мойнымды шарпып жүрер,
Алатаудың арда өскен тентегімін,
Қайырымды құрбыңның нарқын білер...



Пікірлер (2)

Жатбас қызы Шаған

Керемер өлеңдерін енді видеоға мәнерлеп аитқан болса. Балаға сайысқа қатысқанда жаттатуға оңай болар еді

Айша

Мұқағали Мақатаевтың Сен маған шарфыңды бер өлеңі әдемі екен жаттау да оңай қысқа

Пікір қалдырыңыз

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным

  • 1
  • 2

Жәй ғана көңілде жоқ қалағаным,
Кешкілік бақты ұзақ араладым,
Өбісіп те, өлісіп екеу отыр
Өтіп кеттім, бұрылып қарамадым.

Толық

Жұмыстан соң

  • 1
  • 2

Қажып тұрмын, несіне жасырайын,
Әкелші, ата, бар болса насыбайың.
Азан-қазан шулаған қапақ бастан
Құрып кеткір даң-дұңды қашырайын.

Толық

Жұмбақ

  • 1
  • 5

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз.

Толық

Қарап көріңіз