Өлең, жыр, ақындар

Қызыл асық

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3297
Қыз емес, қызыдың аты - қызыл асық,
жастар көп қыз балаға болған ғашық.
Әзілмен ебін тауып сөйлемеген,
Жігіттің қарап тұрсам өзі жасық.

Қыз емес, қызыдң аты - қызыл киік,
Таранған тоты құстай шашын түйіп.
Қымбатты мінездері балдан тәтті,
Кетеді көрген жерден көңілің сүйіп.

Тұрмай ма жақсы қызға көңілің ауып,
Әзілмен сөйлеу керек ебін тауып.
Білетін құрбы жайын адам болса,
Ілгегін өзі ашпай ма,есік жауып.

Жақсы қыз иісті май шыныдағы,
Жағуға әркім құмар мұны дағы.
Болғанда қыздар шабақ су ішінде,
Мен шортан мұны қуған жылымдағы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыйылым

  • 0
  • 0

Түйгенім орамалға қара мейіз,
Арманы әркімнің де бір сұлу қыз.
Әуре етпей, бозбалалар, сендерге айтам,
Осы әнді Қыйылым қыздан үйреніңіз.

Толық

Қаусылдақ

  • 0
  • 0

Қамыс басы жел болса қаусылдайды,
Өз-өзінен сөйлесіп саусылдайды.
Әй, Қапал, дедім-ай!
Сені ойласам, қалқатай, сағынғанда,

Толық

Алла жар

  • 0
  • 0

Өлең басы бісміллә деп айтайық, ай,
Жарасымсыз жаман сөз неге айтайық.
Алла жар.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай, ай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар