Өлең, жыр, ақындар

Ақмарал сұлу еркем

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3430
Кеткенде сенен алыс жерге шалғай,
Жүрермін сені қалай есіме алмай.
Өзімнің тыңдап тапқан бақытымсың,
Бейнең тұр көз алдымда атқан таңдай.

Қайырмасы:
Ақ жүзің айдай еркем,
Арманым сені көрсем.
Алыстан аңсап келемін,
Ақмарал сұлу еркем.

Жылы жан көрдім талай тұрған тартып,
Бірақта барлығынан сенсің артық.
Жүректің қуанышын жасыра алмай,
Атыңды әнге қосып жүрмін айтып.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ай-хай, заман-ай

  • 0
  • 0

Өлеңді неге отырмыз дүрілдетпей,
Ай-хай, заман-ай.
Қалайық дүрілдетіп заман өтпей,
Әй, уәй.

Толық

Жас буын

  • 0
  • 0

Біз жастар елдің таңын атырамыз,
Дұшпанды су түбіне батырамыз,
Еңбекші жастар туын тіккен жерге
Кедейдің бар баласын шақырамыз.

Толық

Ер Тарғын

  • 0
  • 1

Тарғын сынды батырың
Қайтарын жұрттың біледі,
Алладан пәрмен тіледі.
Құйысқанын қысқартып,

Толық

Қарап көріңіз