Өлең, жыр, ақындар

Дариға, сол қыз

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4697
Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды.
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын, шайқылды шың-құз..
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!

Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
Барамын сөніп, келмейді өлгім!
Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
Талпына берді қайран жас көңілім!
Барамын сөніп, барамын сөніп
Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
Арманым бар ма, өлсем бір көріп,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
Келмейді өлгім, келмейді өлгім,
Қайратым қайда, келші осындайда,
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
Қолымда найза, шағылып айға...
Жеңдікқой жауды, арманым не, құрбым,
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
Таба алмай жүрмін, айқайлап ән сап,
Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гауһар қыз

  • 0
  • 0

Той базар, таулай базар тойлай келдім,
Қолға алып алтын сақа ойнай келдім-ай.
Бұл тойда тамырым да танысым жоқ,
Өзіңмен айтыссам деп ойлап келдім.

Толық

Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап

  • 0
  • 0

Қалам алып хат жаздым сізге таман,
Бір хат жібер кешікпей, сірә, маған-ай.
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.

Толық

Сұржекей

  • 0
  • 0

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар