Өлең, жыр, ақындар

Тербеледі тың дала

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4195
Түнгі самал егін басын тербейді,
Алыста қыр қарауытып келбейді.
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп,
Тың алқапты көкшіл шұғыла көрнейді.

Айлы дала салқын самал тамаша!
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша.

Екі ғашық қол ұстасып келеді,
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді.
Бар болғаны жүрек тулап дем ысып,
Әлсің - әлсің ерінге ерін төнеді.

Жанға рақат түннің салқын самалы!
Махаббаттың,махаббаттың оты лаулап жанады.

Махаббаттың оты лаулап жанады,
Сол жалыннан жүрек сая табады.
Түнгі дүние төңіректе мөлгейді,
Тербеледі тың егіннің алабы.

Айлы дала, салқын самал тамаша!
Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қаламқан Жұбанған ұлын шешесінің жоқтауы

  • 0
  • 0

Ескіден сөзді бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Төредей болған қарағым-ай!
Аузымнан қайтып тастайын.

Толық

Дайдай-ау

  • 0
  • 0

Қатқылға жол салады шұбырған мал,
Құйрығы кер тор аттың он екі тал.
Ауылына жан досымның, әй, барамын деп,
Қалмады кер тор атта өкпедей жал.

Толық

Ахау мүрлен, тоғыз түрлен

  • 0
  • 0

Біздерге бұйым емес өлең-ай боқ,
Қашаннан қара өлеңге мейірім жоқ.
Жақсылар, халық билік айт дегенде,
Бір тілім, екі жағым тақайыр жоқ.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар