Өлең, жыр, ақындар

Сен үшін

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 3
  • 31099
Біреулермен жалғастырып жең ұшын,
Жасап жүрсем жаным сүймес келісім,
Барлығы да
Поэзия, сен үшін
Сырласым-ау,
Сырымды ұқсын кім менің,
Кімге керек мұңайғаным, күлгенім?
Барады етіп,
Барады өтіп күндерім...
Ай-жылымды алып қашып ілгері
Жырым-сырым,
Мен сенімен біргемін.
Мәзір етіп мәпелегеи жемісін,
Мәуелесе баққа толып өрісім,
Барлығы да,
Поэзия, сен үшін!
Күйінішін, сүйінішін тең бөлген,
О, Бақытым!
Мына өмірде мен көрген!
О, Тағдырым!
Сырласайық кел бермен!
О Қуатым!
Құлағанда дем берген!



Пікірлер (3)

Даурен

М.Мақатаевтің өлеңдері күшті екен.

Нұлан

Мұқағали Мақатаевтың Сен үшін өлеңі керемет!

Інжу

Мына поэзияны жаттамасаң болмайды кереметтт

Пікір қалдырыңыз

Сыр

  • 1
  • 5

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.

Толық

Демократия, сен үшін

  • 0
  • 1

Көресіңдер,
бөлінбейтін етемін мен құрлықты,
Бәрін жинап,
бұрын болып көрмеген

Толық

Бетховен

  • 0
  • 1

Сәнімен емес,
Әнімен оған қымбатты,
Қырық мың ғалам,
Қырық мың түрлі үн қатты.

Толық

Қарап көріңіз