Өлең, жыр, ақындар

Сені азамат дегенге...

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 4
  • 18363
Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!
Сендей сұмдық адамға,
Нанбайын ба, нанам ба?!
He тұр екен санаңда,
Жақсы ма, әлде жаман ба?!
Адал ма, әлде арам ба?!
Айласы көп арамға,
Босқа алданып қалам ба?!
Түсінбеймін мен саған,
Түсіне алмай шаршағам.
Күліп барып алдыңа,
Жылап шықты қанша адам.
Сені азамат дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
...Есінді жи, елерме!
Арамдықты денеңде,
Айдалаға көгенде.
Сазарма да көгерме,
Сенсін десең егерде...



Пікірлер (4)

Асылзат

Маған Мұқағали Мақатаевтің өлеңдері ұнайды

Макося

Өте күшті сайтүсіндірме, бəрін табуға болады

алтынай

кушти

Сабыр

Мұқағали Мақатаевтың Сені азамат дегенге... өлеңі ұнады, рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Миллиард дастарқаны

  • 1
  • 2

Жалғанның жартысындай жалпақ далам,
Кеудең - ырыс, алтын тақ - арқаң маған!
Қозғалсаң қойыныңнан дән саулаған,
Кәусар далам, бас идім, гауһар далам!

Толық

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

  • 1
  • 3

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.

Толық

Хат

  • 1
  • 6

Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,
Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.
Рақатта іші-сырты ауылдың,
Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар