Өлең, жыр, ақындар

Қыңыр

  • 15.05.2019
  • 0
  • 1
  • 2693
Саған таныс болмаған
Таныстырсам інімді,
Өкпелер-ау ол маған,
Жазасың деп мінімді.
Одан қыңыр өтіп пе,
Дұрысты жөн көрмейді.
«Резинка етікке
Галош алып бер!» – дейді.



Пікірлер (1)

Әсем

Осы ағамыз мықты ақын!

Пікір қалдырыңыз

Тал кестім...

  • 0
  • 0

Тал кестім, алайын деп таяқ жонып,
Таяқ тал себі тиер, аяқ болып.
Ойдың бір үзігіндей әлгі таяқ,
Аршыдым, күрең түске алдым бояп.

Толық

Қылышсыз қиып түсер қайран қырық

  • 0
  • 0

Қылышсыз қиып түсер қайран қырық!
Өкінбес жай түссе де, ойран қылып.
Түссе де аспан құлап төбесінен.
Жалпыны желпіндірер жайраң күліп.

Толық

Күн бата ма

  • 0
  • 0

Күн батады,- дейді-ау жұрт,- ұясына,
Ондай ұя әсте жоқ туасы да.
Інге кіріп, ұйқыға шомбайды күн,
Күн самғайды заңғардың қиясында.

Толық

Қарап көріңіз