Өлең, жыр, ақындар

Сиыр айдап өріске ертеңменен

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 2
  • 20220
Сиыр айдап өріске ертеңменен,
Баратын ек тоғайға еркемменен
Тал басына шық тұрып, күннің нұры
Мың бояумен тоғайды көркемдеген
Қарасаздың шыбығын жел тербеген,
Жел тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы, сол шыбық терек болып,
Өзегімді бір кезде өртер деген...
Қарасаздың шыбығын жел тербеген
Жел тербеген шыбықты сен тербеп ең.
Сонда менің ойымда мұң бар еді,
Өзі келіп, бір күні серпер дегем
Жақын өсіп жас шыбық бала талға,
Оянатын екеуі ала таңда
Тағдырымды сонда мен табыстаппын,
Сезімі бар, сенім жоқ алақанға...
Қарасаздың шыбығын сен тербеп ең,
Сен тербеген шыбықты мен тербегем.
Ойласамшы сол шыбық бір кездерде,
Өзегімді өзің боп өртер деген
Сол тоғайға барып ем ертеңменен,
Қарсы алдымда терек тұр жел тербеген.
Бір тоғайда бірге өскен егіз едік,
Here ғана шошыдың, еркем, менен?!



Пікірлер (2)

Исаев Жандос

Қайран менің ағам ай өлеңдеріңді əр оқыған сайын жаңадан отырғандай боламын

Мұрат

Мұқағали Мақатаевтың Сиыр айдап өріске ертеңменен өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Бөз орамал

  • 0
  • 1

— Живописьтің тұла бойы тұнып тұрған тарих,
Живописьті көзбен емес, көңілмен де танық.
Живопись — ол айғайлаған өлеңі емес ақынның,
Сыры ішінде, тілі ішінде өрнегі той ақылдың!

Толық

Жыр жалғасы

  • 0
  • 1

Жер төсінде керуенін шұбалтып,
Өмір көшіп барады.
Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып,
Көп нәрсе өшіп қалады.

Толық

Жастық

  • 1
  • 8

Ойлайыншы, не берді жастық маған?
Үйрет деп асау берді бастықпаған.
Жастық маған от берді жалындат деп,
Жастық маған оқ берді жауыңды ат деп.

Толық

Қарап көріңіз