Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Алты сабақ бітті, келдім мектептен...

Алты сабақ бітті, келдім мектептен,
Күн де ыстық, маңдайымды терлеткен.
Алдыменен таза суға жуынып,
Басып алдым қызуымды селдеткен.

Асымды іштім, біраз жүрек жалғап ап,
Адам деген бұл өмірде аңғал-ақ.
Бір сағат өтті көзді ашып жұмғанша
Кетіп барад уақыт, шіркін, доңғалап.

Сағат үште басталды «Әйел бақыты»,
Ләйлә ханым - әйелдердің жақұты.
«Заманауи әжелер» екен тақырып,
Жас қыздардай өтіп жатқан уақыты.

Келіпті кейіпкер боп ене, келін,
Орамалсыз жындандырып жайсаң елін.
Қоғамдағы ертек айтпас әже жайы,
Бір ой салды басыма мына менің.

Ойлап сонда толғанды жан аралым,
Эх, қазіргі дәрменсіз аналарым.
Бір әжетай хабарласып былай деді:
«Шалбар ки деп қинайды балаларым».

Не мақсатпен айтып отыр білмедім.
Бұл жағдайға күрсіндім мен, күлмедім.
Қазір үйде бар билікті ұстайтын
Сол жастарды жақтамадым, күндедім.

Ата-анасына мейіріммен күлгенмен,
Бүгінгі ұл-қыз санаспайды үлкенмен.
Тәрбиеміз марқұм жандай көміліп,
Жастарымыздан өсиет тыңдар күн келген.

Адамдарымыз ақ жолынан жаңылды,
Ұлын көрсе, көргендей боп тәңірді.
Өз баласын тыңдатқыза алмаса,
Кей аналар қай ісімен қадірлі?

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...