Өлең, жыр, ақындар

Суық күз сұрғылт...

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 5
  • 19160
Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан,-күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.
Көтеріп алып,
Өтетін едік сулардан,
Қызғалдақ-қызды жаңадан ғана бүр жарған.
Бүр жарған жері,
Бұлтиып қана батқанда,
Мойнымызды қолаң шашымеы жапқанда.
Оттықтан ұшқын шашырап кетіп ақ қауға,
Өртенуші едік,
Өртеген сол бір шақтарда.
Қылша мойынды
Қытықтап қыздың білегі,
Тыңдайтын еді жүрегіңді кеп жүрегі.
Қыздын, күлкісі,
Судың сылдыры, гүл, егін,
Келмеске кеткен күндерім түске кіреді.
Ғұмыры бірге,
Тағдыры бірге, бірге арман,
Қайда кеттіңдер,
Қызғалдақтар-ау, бүр жарған?!
Жалғыз аттанып бара жатырмын қырманнан,
Расында да, жалған екен-ау,
Бұл жалған...



Пікірлер (5)

Қунарбаев Елнұр

Суық күз сұрғылт өлеңі маған ұнады.

Жанерке

Интернет болмаса не істер едік сіздерге көп көп РАХМЕТ

Жанерке

Маған осы өлең қатты ұнады

Мереке

Суық күз сұрғылт өлеңі ұнады.

Бекзат

Суық күз сұрғылт... - ұнады

Пікір қалдырыңыз

Сені азамат дегенге...

  • 1
  • 4

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!

Толық

Соңғы сағатта

  • 0
  • 4

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.

Толық

Жездіде

  • 1
  • 2

Жезқазған.
Жездінің бұл қатпарынан,
Еліме иен ырыс ақтарылған.
Осында жүр жастары, қарттары да,

Толық

Қарап көріңіз