Өлең, жыр, ақындар

Сәби өсіп келеді

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 3
  • 22773
Түнге карай,
Түйсік салып,
Таң атқанша не болады?!
(Оны қайдан білейін)
Бүкіл адам баласына тек жақсылық тілейін,
Ортасында солардың мен,
Ойнап-күліп жүрейін.
Маужыраған күллі әлем,
Жақсы жатып, жай тұрсын.
Адамзаттың төсегіне,
Төңкерілген Ай тұнсын.
Қылауы жоқ, қыстары аппақ,
Аман-есен май тусын,
Таңсәріде, Адамзатқа,
Арнап гимн айтылсын!
Менің мына Ғасырымның кезінде,
Бір жақсылық,
Тыным алмай, жердің бетін кезуде.
Күтуде оны күтуде оны,
Күллі ғалам төзуде.
Ақырында тоғысады,
Сезімдер кеп сезімге!
Адамзат пен табиғаттың,
Таусылмайды қорегі.
Қайырымсыз қара тас та,
Өз жемісін береді.
Құл болмаспыз, құндақтайық,
Әлдилейік бәріміз,
Тыныштық деп аталатын сәби өсіп келеді.
Үрейменен өтеді ылғи тұнжыраған түндерім
Сол сәбиді әлдилеген адамзатпен біргемін.
Қарғыс атсын!
Атсын қарғыс!
Түнге айналып күндері,
Сол сәбиді ұйқысынан шошытса егер,
Кімде-кім!



Пікірлер (3)

құралай серікқызы

не керек бәрін де таба аласың

Рая

Өте жақсы .маған қатты ұнады. Өзім Мұқағали Мақатаевтің өлеңдерін оқығанды ұнатам.Бірақ осы өлеңін болмаған едім .Енді оқыдым

Дариға

Мұқағали Мақатаевтың Сәби өсіп келеді өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Дәрігеріме

  • 1
  • 9

Керегі жоқ,
Керегі жоқ,
Керегі жоқ бәрінің!
Иненің де керегі жоқ,

Толық

Сәуір айы

  • 1
  • 2

Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы - қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?!

Толық

Бала шақтан - болашаққа

  • 2
  • 1

Қырық-отыз құрым үй Жиектегі,
Қырқадағы орақта ниеттері.
Шешем бөлеп, ұйықтатып, бесігіммен,
Керегеге кетіпті сүйеп мені.

Толық

Қарап көріңіз