Өлең, жыр, ақындар

Аралға қарап...

  • 22.05.2019
  • 0
  • 3
  • 3036
Арал шеті айнала құм,
Арал суын сол ішкен.
Қайран теңіз, қайран ағын
Тұз бен нәрін бөліскен!
Кәрі Каспий бұл бауырын
Талай ғасыр жоқтаған.
Өткізбекке құмда күнін
Қашып барып, тоқтаған.
Қорықпайды ол құртар-ау деп,
Тартпас құмнан ақ басын.
Сабасына мың тарау кеп
Сауып құйып жатқасын.
Қос дария - су егізі
Құшағында жоғалар.
Қос бұрымды дала қызы
Секілді ғой сол Арал!
Әттең, әттең, дала біздің,
(Келмеді ме сонда ойға?)
Бір туғасын сондай қыздың
Онын тусаң болмай ма?!



Пікірлер (3)

Нұрлы

Ғафу Қайырбеков ағамыздың “Аралға қарап…” өлеңіндегі “Өткізбе ққмда күнін” деген сөздегі ққмда қате кеткенба? Қалай оқиды

Айдын

Өткізбекке құмда күнін - құмда болу керек

Ақбай Айару

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Аға деген жалғыз сөз

  • 0
  • 0

Қайнекейге ескерткіш
Жолығыстық біз екінші көктеммен,
Екінші жаз басымыздан өткерген.
Екінші күз алтын қанат, жез айдар.

Толық

Қазақтың мал-дәрігерлік институты

  • 0
  • 0

Сенде менің сан құрдасым оқыған,
Талай інім, қарындасым оқыған —
Сенің қазір жалыныңды көремін
Бүкіл қазақ ауылдастың отынан.

Толық

Келешек күндерге сәлем!

  • 0
  • 0

Күндер, Күндер! Жылдың жақсы күндері,
Қайырлы таң, қасиетті түндері,
Сендер солай бір-біріңе ұзатып,
Бізді апарып тастайсыңдар ілгері

Толық

Қарап көріңіз