Өлең, жыр, ақындар

Тауда өстім

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 5
  • 23440
Тайсалмай басып тастарын,
Алқынбай асып асқарын.
Құзына шығып, қомданып,
Ылдиын тәмен тастадым.
Төбемді көкке жеткіздім,
Төсіне шықтым көп құздың.
Қорқытып бура бұлттарды,
Қойныма әтір сепкіздім.
Талай да талай шынды астым,
Тастағы гүлмен мұндастым.
Қарағайлармен құрдаспын,
Қайыңдармен сырласпын.
Тайсалмай өзім тауда өстім,
Таласар, қане, бар ма ешкім



Пікірлер (5)

Ақбота

Маған сіздің өлеңдеріңіз қатты ұнады

Марат

Тири кезинде акыннын кадирин билмеген сорлы казак

Перизат

Тауда өстім деген тарағы керемет

Аруна

Мұқағали Мақатаевтың Тауда өстім өлеңі керемет!

DIMA

Маған өлең қатты ұнады!

Пікір қалдырыңыз

Сені азамат дегенге...

  • 1
  • 4

Сені де адам дегенге
Сенбейін бе, сенем бе?!
Ойнақ салдың төбемде,
Көнбейін бе, көнем бе?!

Толық

Қар жауып тұр

  • 1
  • 8

Апыр-ау, бір-ақ түнде қыс келген бе?!
Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге
Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп,
Бір-ақ түнде керемет істелген бе?!

Толық

Мінез

  • 1
  • 2

Кезімде қадірімді сезбес мынау,
Бекер-ақ, қарғам, маған кездестің-ау
Келмеске әлдеқашан аттандырған,
Керемет күндеріммен кездестім-ау!..

Толық

Қарап көріңіз