Өлең, жыр, ақындар

Таудағы көктем

  • Bain
  • 24.04.2015
  • 1
  • 10
  • 32052
Сай-саланы,
Аймалады,
Жоталардан жел есті.
Көк қарағай.
Көп баладай,
Күбір-күбір кеңесті.
Қасқа бұлақ,
Тастан құлап,
Бара жатыр шапқылап.
Шықылдаған,
Сыбырлаған,
Айқай жастар - саққұлақ.
Бір жүрекпен,
Дір-дір еткен,
Жасыл талдар - жас талдар.
Еміренген,
Тебіренген,
Ақбас Ата - асқарлар.
Күннен - бөркі,
Гүлден - көркі,
Тау - тамаша, тау - алып.
Қатпар басын,
Шатқал тасын,
Көрген сайын жаңалық.
Айналаңа,
Сайға қара,
Шыңға қара ақ маңдай.
Бала шағың,
Болашағың,
Көктеп келе жатқандай.



Пікірлер (10)

Гульназ

Ертен ягни 03 05 17 Ауднадык Мукагали Окулары отеди!!! Рахмеет мен барлык олендеримди осы сайттан аламын!!!!!!

Диана

06.01.2018.
Мен Мұқағалидің өлеңдерін жатқа ділемін

Карина

Рақмет!!!!!!!!!!!!!!!!!

Сымбат

Маған табиғатқа байланысты көктем атаулары керек еді

Сымбат

Өтінем табиғатқа байланысты көктем жаттаулы кімде бар маған керек сенбі күні мәнерлеп айтудан сайыс болады

Хадиша

Керемет

Ерсайын

Керемет өте

Сұлтанбек

Қиын өте

Сұлтанбек

Дым күшті емес

Алмас

Өте керемет, қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Есіңде ме?

  • 1
  • 10

Есіңде ме?
Екеуміз де елде едік.
Екеуміз де жоқ нәрсеге шөлдедік.
Ағайынның айтқанына көнбедік,

Толық

Саяхат

  • 1
  • 8

Сал-сал да күндер, сал күндер,
Балалық атты бал күндер,
Барайын баяғы ауылға,
Жоқ кімдер, я бар кімдер.

Толық

Серіксіз бе едің, құрбыжан?..

  • 1
  • 2

Сен әлі серіксіз бе едің,
Серіксіз бе едің,
Құрбыжан?
Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.

Толық

Қарап көріңіз