Фаризаға

  • Bain
  • 25.04.2015
  • 3
  • 29
  • 32897
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...

Басқа да өлеңдері

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен

  • 1
  • 0

Не пайда күрсінгеннен, өкінгеннен,
Не пайда дәтке қуат бекінгеннен,
Алайда, емханада көз жұмғаннан,
Жақсы еді ғой майданның өтінде өлген.

Толық

Шеше, сен бақыттысың

  • 5
  • 52

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Толық

Махаббат диологы

  • 0
  • 4

- Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?
- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?
- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Толық

Пікірлер (29)

Арман

Өте жақсы ән екеуі қосыла алмағаны өкінішті

Айша

керемет ән маған ұнады

Айша

КЕРЕМЕТ ӘН МАҒАН ҰНАДЫ

нұргүл

керемет

керемет

Унады маган

жанар

жылагын келеды

жанар

оте асерли ан

Фариза

Өте жақсы өлен мағанда қатты ұнайды

Абүірбек ағаның өлеңі журекті жарды

Абүірбек ағаның өлеңі журекті жарды

Өте керемет.Мұзбалақ Мұқағали менің сүйікті ақыным.☺

АЙДАНА

Маған өлеңдері қатты ұнады.

малика

Мукагалидын музды жырына не жетсин

Айдана

Керемет соз жок

Фатима Фариза апамдайболам иншаллах

Оте кушти создери Тамаша журектин тубине жайгана салкын желмен бир тылсым кереметкуй кештим

Изтлеуова Арайлым

Ең керемет ақынның ең керемет өлеңі ????????????????????????

Салтанат

Маған мына ән қатты ұнады. Жаныңды тебіретіп, адамды өзіне тарта білетін ән екен.

Бинар

өте жақсы

АКМАРХА

фариза қыз деген өлең өте керемет

Үміт

Өте керемет жазылған . ☺☺

Ахат

Өте әдемі өлер жақсы жазылған

Мерей

Отте тамаша олен екен★☆★

Айгерим

Керемет♥♥♥

Эльмира

Маған өлен қатты ұнады.

Айша

Бұл əн ұнады

Арайлым

Өте керемет

Айдана

Ерекше керемет өлең

Айнука

Өте керемет... Маған қатты ұнады...

Айя

Керемет поэзия

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)